numerous [ˈnjuːmərəs] adj (formal) көптеген, көп, талай (рет) (syn: many) ¨He has been late on numerous occasions. – Ол талай рет кешіккен. ¨The advantages of this system are too numerous to mention. – Бұл жүйенің артықшылықтарын айтып/ санамалап шығу қиын. ¨Numerous studies have shown this to be true. – Көптеген зерттеулер бұның рас екенін көрсетті. ¨The related publications are far too numerous to list individually. – Осыған ұқсас басылымдар тым көп болғандықтан оларды жеке-жеке тізіп шығу қиын.