object A.n [ˈɒbdʒɪkt] 1.зат, нәрсе ♦everyday objects such as cups and saucers – шыны-аяқ сияқты күнделікті заттар ♦Glass and plastic objects lined the shelves. – Сөрелерде әйнек және пластик заттар тізіліп тұрды. 2. ~ of desire, study, attention, etc. (біреудің) қалаған, зерттеген, көңіл бөлген нәрсесі 3.мақсат, ниет ♦Her sole object in life is to become a travel writer. – Оның өмірдегі жалғыз мақсаты – саяхат жазушысы болу. ♦The object is to educate people about road safety. – Мақсат – адамдарға жол қауіпсіздігі жайлы үйрету. ♦If you're late, you'll defeat the whole object of the exercise. – Кешіксең, жаттығудың бар мақсатын жоқ етесің. 4. (grammar) толықтауыш 5. (idm) *expense, money, etc. is no object (уайымдайтын) мәселе/ сұрақ емес ♦He always travels first class - expense is no object. – Ол ылғи (да) бірінші класпен жүреді – ақша (ол үшін) мәселе емес. B.v [əbˈdʒekt] 1.қарсы болу/ шығу, келіспеу ♦~ (to smb/smth) Many local people object to the building of the new airport. – Жергілікті тұрғындардың көбі/ көпшілігі жаңа аэропорттың салынуына қарсы. ♦If nobody objects, we'll postpone the meeting till next week. – Ешкім қарсы болмаса, жиналысты келесі аптаға дейін шегереміз. ♦~ to doing smth/to smb doing smth I really object to being charged for parking. – Машинаны заңсыз қойды деген айыппұлмен шынымен келіспеймін. 2. ~ that… қарсы болу/ шығу, келіспеу, наразы болу (syn: protest) ♦He objected that the police had arrested him without sufficient evidence. – Ол өзін полиция жеткілікті айғақсыз тұтқындады деп наразылық білдірді.