objective [əbˈdʒektɪv] A.n 1.мақсат, мұрат (syn: goal) ♦the main/primary/principal objective – негізгі/ түпкі(лікті)/ басты мақсат ♦to meet/achieve your objectives – мақсатына жету ♦You must set realistic aims and objectives for yourself. – Алдыңа шынайы мақсаттар мен мұраттар қою керек. ♦The main objective of this meeting is to give more information on our plans. – Осы жиналыстың негізгі мақсаты – жоспарларымыз жайлы көбірек мәлімет тарату. 2. (also objective lens) (specialist) (телескоптағы не микроскоптағы) объективті линза B.adj 1.тура, дұрыс, төтесінен, әділ, объективті, байыпты, байсалды; нақты, дәл (syn: unbiased) (opp: subjective) ♦an objective analysis/assessment/report – дұрыс/ байсалды анализ (талдау)/ бағалау/ баянат ♦objective criteria – дұрыс/ орынды талаптар/ объективті критерийлер ♦I find it difficult to be objective where he's concerned. – Оған қатысты дұрыс пікір айтуға қиналамын. ♦These figures give a reliable and objective indicator of changing trends in people's lifestyles. – Бұл көрсеткіштер - жұрттың өзгеріп жатқан тұрмыс салттары жөніндегі сенімді әрі объективті мәліметтер. 2. (philosophy) объективті, нақты (opp: subjective) ♦objective reality – объективті шындық 3.(grammar) объекті септік