obligation [ˌɒblɪˈɡeɪʃn] n 1. ~ (to do smth) міндет, парыз, борыш ♦You are under no obligation to buy anything. – Бірнәрсе сатып алуға міндетті емессіз. ♦She did not feel under any obligation to tell him the truth. – Оған шындықты айтуға ол өзін міндетті(мін деп) сезінбеді/ санамады. ♦I don't want people coming to see me out of a sense of obligation. – Маған сәлем беруді өзіне міндет санайтын адамдарды жаратпаймын/ қаламаймын. ♦We will send you an estimate for the work without obligation. – Біз бұл жұмыстың сметасын (мөлшерлі шығынын) есептеп сіздерге әншейін жібереміз. 2. міндет, парыз, борыш (syn: commitment) ♦to fulfil your legal/professional/financial obligations – өзінің заңды/ кәсіби міндетін орындау/ қаржылай борышын өтеу ♦They reminded him of his contractual obligations. – Олар оның контрактқа сай міндеттері жайлы ескертті. ♦~ (to do smth) We have a moral obligation to protect the environment. – Айналаны қорғауға моральдық/ ар-ождан міндетіміз бар.