obstruction [əbˈstrʌkʃn] n 1.бөгет, кедергі, тосқауыл; бөгеу(шілік), бөгет/ кедергі/ тосқауыл болу(шылық), алдын орау, жолын кесу ♦the obstruction of justice - әділдікке кедергі болу ♦He was arrested for obstruction of a police officer in the execution of his duty. – Ол полиция қызметкерінің өз міндетін атқаруына кедергі болғаны үшін тұтқындалды. ♦obstruction of the factory gates – завод қақпасын бөгеу ♦The abandoned car was causing an obstruction. – Иесіз қалған көлік бөгет болып жатқан еді. ♦It is my job to make sure that all pathways are clear of obstructions. – Өткелдердің бөгелмегеніне көз жеткізу – менің жұмысым. 2. (medical) (денедегі ішек, түтік, тамыр жолындағы) бөгет, кедергі, бітеу (syn: blockage) ♦He had an operation to remove an obstruction in his throat. – Ол өңешіндегі кедергіні алып тастау үшін операция жасатты. ♦bowel/intestinal obstruction – құрсақтағы/ ішектегі бөгет 3. (sport) (қарсылас жақтың ойыншысын ойын тәртібін бұза) бөгеу