obvious [ˈɒbviәs] adj 1. ~ (to smb) (that…) айқын, анық, түсінікті (syn: clear) ♦The obvious way of reducing pollution is to use cars less. – Ластануды азайтудың ең дұрыс жолы – көлікті аз пайдалану. ♦It was obvious that Gina was lying. – Джинаның алдап тұрғаны білініп тұрды. ♦It might be obvious to you, but it isn’t to me. – Саған бұл жайт түсінікті шығар, бірақ маған емес. ♦I know you don't like her but try not to make it so obvious. – Оны жақтырмайтыныңды білемін, алайда бұны соншама көрсетпеуге тырыс. ♦He agreed with obvious pleasure. – Ол жайдары жүзбен келісті. ♦For obvious reasons, I'd prefer not to give my name. – Белгілі бір себептермен, аты-жөнімді бермегенді жөн көремін. ♦The reasons for this decision were not immediately obvious. – Осы шешімге не себеп болғаны бірден мәлім бола қоймады. 2. кәдімгі, табиғи, нағыз, орынды, нақты ♦She was the obvious choice for the job. – Ол осы жұмысқа жаралғандай еді. ♦There's no obvious solution to the problem. – Бұл мәселенің нақты бір шешімі жоқ. ♦This seemed the most obvious thing to do. –Осылай істеген ең дұрысы сияқты болып көрінді. 3. (disapproving) онсыз да түсінікті, көпе-көрнеу ♦The ending was pretty obvious. – Немен тынғаны өзінен-өзі түсінікті болды. ♦I may be stating the obvious but without more money the project cannot survive. – Бәріне белгілі нәрсені айтып жатқан шығармын, дегенмен де қосымша қаражатсыз жоба омақасады.