occasion [əˈkeɪʒən] A.n 1.кез, шақ, уақыт, рет ♦on this/that occasion – осы/сол уақ(ыт)та/ кезде ♦I’ve met him on several occasions. – Онымен бірнеше рет кездескенмін/ кездескем. ♦I can remember very few occasions when he had to cancel because of ill health. – Оның бірнеше рет қана ауырып жұмыс істемегені есімде. ♦They have been together on two separate occasions. – Олар екі рет әр жерде бірге болған. ♦On one occasion, she called me in the middle of the night. – Әнеу бір кезде ол маған түн ортасында телефон шалған. ♦He used the occasion to announce further tax cuts. – Ол мүмкіндікті/ сол уақытты пайдаланып, салықты одан әрі азайтатынын айтты. 2.оқиға, шара, іс-шара, рәсім ♦a great/memorable/happy occasion – керемет/ есте қаларлық/ бақытты оқиға ♦Turn every meal into a special occasion. – Әр асты ерекше оқиғаға айналдыр. ♦They marked the occasion with an open-air concert. – Оқиғаға орай олар далада концерт ұйымдастырды. ♦Their wedding turned out to be quite an occasion. – Олардың үйлену тойы айтарлықтай оқиға болды. ♦He was presented with the watch on the occasion of his retirement. – Жұмыстан кетуіне байланысты оған сағат сыйлады. 3. ~ (for smth/doing smth) оңтайлы/ орынды сәт/ кез ♦It should have been an occasion for rejoicing, but she could not feel any real joy. – Бұл бір қуанатын оқиға болу керек еді, алайда ол шынайы қуанышты сезіне алмады. ♦I’ll speak to him about it if the occasion arises. – Оңтайлы сәт болғанда оған осы жайлы айтатын боламын. 4. (formal) себеп, сәт ♦~ (to do smth) I've had no occasion to visit him recently. – Оған жуықта баратындай себебім болған жоқ. ♦She doesn’t have much occasion to speak French in her new job. – Жаңа жұмысында оның французша сөйлейтін сәттері көп емес. ♦~ (of/for smth) Her death was the occasion of mass riots. – Оның өлімі жаппай бұзақылықтарға себеп болды. ♦I'm willing to go to court over this if the occasion arises. – Егер қажет болса, осы жөнінде сотқа жүгінуге әзірмін. 5. (idm) *on occasion(s) кейде, анда-санда, ара-тұра, кей уақтары ♦He has been known on occasion to lose his temper. – Кей уақтары оның шақ-шәлекей болатыны/ ашуланып кететіні белгілі. *a sense of occasion маңыздылық/ арнайылық сезімі/ күйі ♦Candles on the table gave the evening a sense of occasion. – Столдағы майшамдар кешке ерекше күй бітірді. B.v (formal) себеп(кер)/ себепші болу, себебі болу ♦~ smth The flight delay was occasioned by the need for a further security check. – Рейс одан әрі қауіпсіздік тексерісіне байланысты кешікті. ♦The injury was believed to have occasioned his death. – Жарақат оның өліміне себеп(ші) болған дейді. ♦~ smb smth The decision occasioned us much anxiety. – Осы шешім бізді көп қобалжытты.