occupied [ˈɒkjupaɪd] adj 1. бос емес, толы, тұрып жатқан, қолданыста(ғы) ♦Only half of the rooms are occupied at the moment. – Қазіргі кезде бөлмелердің жартысы ғана (тұрушыларға) толған. 2.жұмыспен айналысқан/ шұғылданған, жұмысбасты, қолы бос емес, қолы тимеген ♦~ (doing smth/in doing smth/in smth) He's fully occupied looking after three small children. – Ол титтей/ кішкентай үш балаға қараймын деп, ешнәрсеге қолы тимейді. ♦~ (with smth/with doing smth) Only half her time is occupied with politics. – Уақытының жартысында ғана ол саясатпен айналысады/ жартысын ғана ол саясатқа арнайды. ♦The most important thing is to keep yourself occupied. – Ең маңызды нәрсе – ылғи бірнәрсемен айналысып жүру. 3.басып/ жаулап алынған, оккупацияланған, оккупациядағы (opp: unoccupied) ♦He spent his childhood in occupied Europe. – Ол балалық шағын оккупациядағы Европада өткізді.