odd [ɒd] adj (odder, oddest) 1.оғаш, біртүрлі, (бір)қызық, әпенді, бөлек(ше), басқа(ша), өзінше ♦They're very odd people. – Олар - бір қызық/ біртүрлі/ өзінше адамдар. ♦There's something odd about that man. – Сол адамның бір біртүрлі жақтары бар/ Осы адамның бір оғаштығы/ өзіншелігі бар. ♦It's most odd that she hasn't written. – Оның жазбағаны тіпті де қызық екен. ♦The odd thing was that he didn't recognize me. – Оның мені танымағаны қызық болды. ♦She had the oddest feeling that he was avoiding her. – Онда (әйелде) өзінен ол (еркек) жалтарып жүр-ау деген біртүрлі сезім болды. ♦an odd-looking house – пішіні (бір)қызық/ өзінше үй ♦an odd-sounding name – біртүрлі естілетін ат/ есім 2. the ~ кейде, анда-санда, ара-тұра болатын (syn: occasional) ♦He makes the odd mistake - nothing too serious. – Ол кейде қателесіп қалады – уайымдамаса да болады. 3. (әр)түрлі, әркелкі ♦decorations made of odd scraps of paper – ескі қағаз қиындыларынан істелген безендірулер/ декорациялар 4.сыңары/ жұбы емес ♦You're wearing odd socks! – Екі түрлі/ Сыңар емес носки/ байпақ киіп алыпсың(ыз)! 5.тақ (сан) (opp: even) ♦1, 3, 5 and 7 are odd numbers. – 1, 3, 5 және 7 – тақ сандар. 6.артық, бос (syn: spare) ♦Could I see you when you've got an odd moment? – Бос уақтыңыз болғанда сенімен/ сізбен жолықсам бола(ды) ма? 7.шамамен, бірнеше, пәленше ♦How old is she - seventy odd? – Ол қаншада – жетпістер де ме? ♦He's worked there for twenty-odd years. – Ол онда жиырма пәленше жыл істеп келеді. 8. (idm) *an odd/a queer fish (old-fashioned, BrE) сәл оғаш/ біртүрлі/ бірқызық/ өзінше адам *the odd man/one out бөлек(ше)/ басқаша/ оғаш/ ерекше/ біртүрлі/ өзінше адам я нәрсе ♦At school he was always the odd man out. – Мектепте ол өзінше/ бөлекше/ басқаша болатын. ♦Dog, cat, horse, shoe - which is the odd one out? – Ит, мысық, жылқы, аяқ киім – қайсысы бөлекше?