odds [ɒdz] n 1. (usually the ~) бірнәрсенің болу ықтималын көрсетеді ♦The odds are very much in our favour. – Жолымыз шынымен де болатын сияқты/ Ісіміз сәтті болатын сияқты. ♦The odds are heavily against him. – Оның жолы тіпті болмайтындай. ♦The odds are that she'll win. – Ол ұтатын сияқты. ♦What are the odds he won't turn up? – Оның келмеуі қаншалықты мүмкін? 2.істеуге/ табысты болуға мүмкін емес болу ♦They secured a victory in the face of overwhelming odds. – Олар соншама қиындыққа қарамастан жеңе алды. ♦Against all (the) odds, he made a full recovery. – Үміттің аздығына қарамастан, ол толық сауығып кетті. 3. (тігілген) бәс, бәс болжамы ♦odds of ten to one – бәс болжамы оннан бір ♦They are offering long/short odds on the defending champion. – Ол қазіргі чемпион бойынша (ақша жоғалту тәуекелі) жоғары/ төмен бәс ұсынуда. ♦(figurative) I'll lay odds on him getting the job. – Ол жұмысқа тұрады, оған бәс тіге аламын. 4. (idm) *be at odds (with smth) сәйкес болмау, тура келмеу, қайшы болу (syn: conflict) ♦These findings are at odds with what is going on in the rest of the country. – Бұл дәлелдер елдің басқа жақтарында болып жатқан жайттармен кереғар. *be at odds (with smb) (over/on smth) келіспеу, пікірлері алшақ болу ♦He's always at odds with his father over politics. – Саясатқа келгенде ол әкесімен ылғи айтысып жатады. *the cards/odds are stacked against you «айың оңыңнан тумай тұр», табысқа, дегеніңізге жетуіңіз өте қиын *the cards/odds are stacked in your favour «айың оңыңнан туып тұр», табысқа, дегеніңізге жетуіңіз әбден мүмкін *it makes no odds (informal, especially BrE) маңызды емес, бәрібір ♦It makes no odds to me whether you go or stay. – Кетесің бе, жоқ қаласың ба, маған бәрібір. *over the odds (BrE, informal) көбірек ақша, артығымен ♦Many collectors are willing to pay over the odds for early examples of his work. – Көптеген коллекционерлер оның ертеректегі туындылары үшін артығымен төлеуге әзір.