off [ɒf] A.adv 1.басқа жаққа/-та, әрі, алыста/-қа, тсс ♦I called him but he ran off. – Оны шақырып едім, қашып кетті. ♦Sarah's off in India somewhere. – Сара Индияның бір жерінде. ♦I must be off soon. – Біраздан соң кетуім керек. ♦Off you go! – Кет әрі! ♦Summer's not far off now. – Жаздың аулы алыс емес енді. ♦A solution is still some way off. – Мәселенің тез арада шешіле қоятын түрі жоқ. 2.алып тастау, кетіру деген мағынаны білдіру үшін қолд ♦He's had his beard shaved off. – Ол сақалын қырып тастады. ♦Take your coat off. – Үст киіміңді шешкін. ♦Don't leave the toothpaste with the top off. – Тіс пастасының қақпағын ашық қалдырма(ңыз). 3.жарыс/ сайыс басталды деген мағынаны білдіру үшін қолд ♦They're off. – Жарыс басталды. 4.болмайды деген мағынаны білдіру үшін қолд ♦The wedding is off. – Үйлену тойы болмайтын болды. 5.қосылмаған, істемейтін деген мағынаны білдіру үшін қолд ♦The water is off. – Су (жеткізілімі) жоқ. ♦Make sure the TV is off. – Телевизордың сөндірілгенін қадағала. 6. (especially BrE) енді жоқ я берілмейді деген мағынаны білдіру үшін қолд ♦Sorry, the duck is off. – Үйрек (тағамы) қазір жоқ, ғафу етіңіз. 7.жұмыста, қызметте жоқ деген мағынаны білдіру үшін қолд ♦She's off today. – Бүгін ол жұмыста жоқ. ♦I've got three days off next week. – Келесі аптада үш күн жұмысқа келмеймін. ♦How many days did you take off? – Қанша күнге жұмыстан сұрандың? ♦I need some time off. – Маған демалатын уақыт керек. 8.арзандатылған деген мағынаны білдіру үшін қолд ¨shoes with $20 off - $20-ға арзандаған аяқ киімдер ♦All shirts have/are 10% off. – Жейделердің бәрі 10%-ке арзандаған. 9.театрдағы сахна артында(ғы)/ жанында(ғы) (syn: offstage) 10. (idm) *be better/worse off (doing smth) жақсырақ/ жаман жағдайда болу ♦She's better off without him. – Онсыз оған жақсы. ♦The weather was so bad we'd have been better off staying at home. – Ауа-райының нашар болғаны соншама, үйде қалсақ жақсы болар еді. ♦We can't be any worse off than we are already. – Мына күйімізден жаман күй жоқ. *be off for smth (informal) белгілі бір мөлшерде бірнәрсесі болу ♦How are we off for coffee? – Қанша кофеміз бар? *be well/better/badly, etc. off жағдайы тәуір/ жақсырақ/ нашар, тсс болу ♦Families will be better off under the new law. – Жаңа заңға сәйкес, отбасылардың жай-күйі жақсармақ. ♦They are both comfortably off. – Олардың екеуінің де табыстары жақсы. *off and on/on and off үздік-создық, ара-тұра, дүркін-дүркін ♦It rained on and off all day. – Күні бойы жауын жауып-тоқтап тұрды. B.prep 1.құлағанды, түскенді білд; қашықтықты білді ♦I fell off the ladder. – Сатыдан құладым/ құлап қалдым. ♦Keep off the grass! – Көгалдан әрі жүріңіз! ♦an island off the coast of Spain – Испанияның жағасындағы арал/ жағасына таман орналасқан арал ♦They were still 100 metres off the summit. – Таудың шыңына дейін оларға әлі 100 метр бар. ♦Scientists are still a long way off finding a cure. –Ем табу үшін ғалымдарға көп уақыт керек. ♦We're getting right off the subject. – Мәселеге бірден кірісудеміз. 2.тұсында, маңайында ♦We live off Main Street. – Біз Мейн-стриттің тұсында тұрамыз. ♦There's a bathroom off the main bedroom. – Үлкен ұйқы бөлмесінің жанында қол жуатын бөлме бар. 3.алып тастауды білд ♦You need to take the top off the bottle first! – Алдымен шөлмектің қақпағын ашу керек! ♦I want about an inch off the back of my hair. – Шашымның артын бір елі қырықтырғым келеді. 4.жұмыста, тсс емес, басқа жақта ♦He's had ten days off school. – Ол мектептен он күн қалды. 5.арзандаған, бағаны түсірген ♦They knocked £500 off the car. – Олар машинаны £500-қа арзанға алды. 6. ~ of (non-standard or NAmE, informal) біреуден, бірнәрседен ♦I got it off of my brother. – Бұны бауырымнан алдым. 7.бірнәрсені қаламаған, ішпеген, жемеген ♦I'm off alcohol for a week. – Мен бір жетіге арақ-шараптан бас тартамын. ♦He's finally off drugs. – Ал ақыры есірткіні қойды/ тастады. C.adj 1. (BrE) (азық-түлік ж) бұзыла бастаған, мерзімі өткен, жарамсыз болып қалған ♦This fish has gone off. – Мына балық жарамсыз болып қалыпты. ♦The milk smells off. – Мына сүт ашыпты. ♦It's off. – Бұл бұзылыпты. ♦I think this milk is slightly off. – Мына сүт сәл ашыған ба деймін. 2. ~ (with smb) (informal, especially BrE) әдепті, бауырмал емес ♦He was a bit off with me this morning. – Ол бүгін ертеңгісін менімен дұрыс сөйлеспеді. 3. (informal, especially BrE) көнуге, келісуге болмайтын ♦It's a bit off expecting us to work on Sunday. – Бізді жексенбі күні жұмыс істейді деп ойлауға болмайды. D.n the ~ жарыстың басы ♦They're ready for the off. – Олар сайысқа әзір. E.v ~ smb (informal, especially NAmE) біреуді өлтіру
off- [ɒf] prefix шетте, қашық, тыс ♦offstage – сахнаның артында/ жанында ♦offload – жүкті түсіру