offence [əˈfens] n (especially US offense) 1. ~ (against smb/smth) заң бұзушылық, қылмыс, жаза басу (syn: crime) ♦a criminal/serious/minor/sexual offence – қылмыс/ ауыр/ жеңіл қылмыс/ зорлау қылмысы ♦a first offence – бірінші рет қылмыс жасау ♦a capital offence – өлім жазасына лайықты қылмыс ♦He was not aware that he had committed an offence. – Ол өзінің қылмыс жасағанынан хабарсыз еді. ♦an offence against society/humanity/the state – қоғамға/ адамзатқа/ мемлекетке қарсы қылмыс ♦New legislation makes it an offence to carry guns. – Жаңа заң бойынша, қару ұстау – қылмыс. 2. өкпелету(шілік), ренжіту, тіл тигізу, шамына тию ♦I'm sure he meant no offence when he said that. – Ол өйтіп айтқанда ешкімді өкпелетейін деген ойы болмағанына сенімдімін. ♦The photo may cause offence to some people. – Бұл фотоны кейбір адамдардың жақтырмауы мүмкін/ Бұл фото кейбір адамдардың ашуын келтіруі/ намысына тиюі мүмкін. ♦No one will take offence if you leave early. – Ертерек кетсең, ешкім де ренжімейді. ♦Don't be so quick to take offence. – Тым өкпешіл болма. 3. (idm) *no offence (informal) ренжіме(ңіз), ешкім ренжімесін/ өкпелемесін ♦No offence, but I'd really like to be on my own. – Ешкім ренжімесіз, шынымен де өзіммен өзім болғым келеді.