offend [əˈfend] v 1. ~ (smb) өкпелету, ренжіту, тіл тигізу, шамына тию ♦They'll be offended if you don't go to their wedding. – Олардың үйлену тойына бармасаң(ыз) олар ренжитін болады. ♦Neil did not mean to offend anybody with his joke. – Нил қалжыңымен ешкімнің шамына тиейін демеп еді. ♦She managed to offend her boyfriend’s parents as soon as she opened her mouth. – Ол аузын ашқан бойда жігітінің ата-анасын ренжітіп алды. ♦A TV interviewer must be careful not to offend. – Телеинтервьюші ешкімді өкпелетіп алмасы үшін абай болуы керек. 2. ~ smb/smth ұнамау, жақтырмау ♦The smell from the farm offended some people. – Фермадан шығатын иісті кейбір адамдар жақтырмады. ♦an ugly building that offends the eye – көзге баттиа көрінетін ұсқынсыз үй-жай 3. (formal) қылмыс жасау, заң бұзу ♦He started offending at the age of 16. – Ол он алты жасынан бастап қылмыс жасай бастады. ♦What is the best way to stop someone who has offended from repeating the offence? – Қылмыс жасаған адамның енді қылмысын қайталамасы үшін не істеуге болады? 4. ~ (against smb/smth) (formal) ар-намысқа тию, тіл тигізу, қорлау ♦comments that offend against people’s religious beliefs – адамдардың діни нанымдарына тіл тигізетін/ нанымдарын қорлайтын сөздер