offensive [əˈfensɪv] A.adj 1.өкпелететін, ренжітетін, кейітетін, көңіл қалдыратын, намысқа/ шамға тиетін (opp: inoffensive) ♦offensive remarks – ренжітетін сөздер ♦The programme contains language which some viewers may find offensive. – Программада кейбір көрермендердің көңілін қалдыратын/ көрермендердің көңіліне келетін сөздер бар. ♦~ to smb His comments were deeply offensive to a large number of single mothers. – Жалғыз басты аналар үшін оның сөздері тым ауыр болды. 2. (formal) өте жағымсыз/ жайсыз (syn: obnoxious) ♦an offensive smell – сасық иіс 3.шабуылдайтын, тиісетін, басқыншы, жаулаушы, шабуылдау/ басып алу ниетімен жасалған ♦an offensive war – агрессия/ басып алу ниетімен болған соғыс ♦offensive action – шабуылдау/ тиісу ♦He was charged with carrying an offensive weapon. – Оны суық қару ұстап жүр деп айыптады. 4. (NAmE, sport) шабуылдайтын, шабуылдаушы ♦offensive play – шабуылдап ойнау B.n 1.шабуыл, атака (syn: strike) ♦an air offensive – әуе шабуылы ♦They launched the offensive on January 10. – Олар қаңтардың 10-ында шабуылға шықты. 2.науқан, «шабуыл» (syn: campaign) ♦The government has launched a new offensive against crime. – Үкімет қылмысқа қарсы жаңа науқан/ «шабуыл» бастады. ♦a sales offensive – сауда-саттық науқаны ♦The public seems unconvinced by their latest charm offensive. – Олардың жұртқа жағу науқаны халықты селт еткізе қоймағандай. 3. (idm) *be on the offensive шабуылда болу, шабуылдап/ шабуыл жасап жату ♦The Scots were on the offensive for most of the game. – Ойынның көп бөлігінде шотландиялықтар шабуылда болды. ♦The government is very much on the offensive in the fight against drugs. – Есірткіге қарсы күресте үкімет қатаң шаралар қолдануда. *go on (to) the offensive, take the offensive шабуылды бірінші болып бастау