often [ˈɒfn; ˈɒftən] adv 1.жиі, ылғи, көп (syn: frequently) ♦We often go there. – Біз онда/ ол жерге жиі барамыз. ♦I've often wondered what happened to him. – Оған не болды екен деп жиі ойладым/ ойлап жүрдім. ♦How often do you go to the theatre? – Театрға барып тұрасыз ба? ♦I see her quite often. – Мен оны жиі/ көп көремін. ♦Try to exercise as often as possible. – Неғұрлым жиірек денең(із)ді шынықтырып тұр(ыңыз). ♦We should meet for lunch more often. – Біз жиірек кездесіп шай ішіп тұруымыз керек. ♦It is not often that you get such an opportunity. – Бұндай мүмкіндік жиі кездесе бермейді. 2. көбінесе, көп жағдайда, жиі (syn: commonly) ♦Old houses are often damp. – Ескі үйлер көбінесе зәй/ нәм тартып тұрады. ♦People are often afraid of things they don't understand. – Жұрт білмейтін нәрсесінен көбінесе қорқады. ♦All too often the animals die through neglect. – Аңдар/ Жануарлар көбінесе қараусыз қалып өледі. ♦His success depended, as so often happens, on things entirely outside his control. – Оның табысы, әдетте жиі ұшырасатындай, толығымен өзінің бақылауынан тыс нәрселерге байланысты болды. 3. (idm) *as often as not, more often than not әдеттегідей, әдетінше ♦As often as not, he's late for work. – Әдеттегісінше, ол жұмысқа кешікті. *every so often анда-санда, ара-тұра, оқта-текте ♦Every so often I heard a strange noise outside. – Анда-санда тыстан бір оғаш дыбыс естіп жүрдім. *once too often баяғы қылығын тағы істеу, әдетінен жаңылмау ♦He tried that trick once too often and in the end they caught him. – Ол сол қулығына басам деп жүріп, ақыры олардың құрығына түсіп тынды.