old [əʊld] adj (older, oldest) 1. be… years, months, etc. ∼ пәлен жастағы/ жылғы, пәлен уақыт болған, тсс ♦The baby was only a few hours old. – Бірнеше сағат бұрын ғана туған сәби екен. ♦In those days most people left school when they were only fifteen years old. – Ол кездері он бес жасқа толғандың көбі мектептен кететін. ♦At thirty years old, he was already earning £40 000 a year. – Отыз жасының өзінде ол жылына £40 000 табатын. ♦two fourteen-year-old boys – он төрт жастағы екі бала ♦a class for five-year-olds – бес жастағыларға арналған класс/ сынып ♦I didn't think she was old enough for the responsibility. – Ол маған бұл жауапкершіліктің жүгін арқалайтындай жасқа жеткендей көрінбеді. ♦How old is this building? – Мына үйге қанша жыл болған? ♦He's the oldest player in the team. – Ол командадағы ең егде/ жасы үлкен ойыншы. ♦She's much older than me. – Ол менен/ Оның жасы менікінен әлдеқайда үлкен. 2.кәрі, қарт, егде (opp: young) ♦to get/grow old – егде тарту, қартаю ♦The old man lay propped up on cushions. – Қария жастықтарға жантайып жатты. ♦She was a woman grown old before her time. – Ол жасынан ерте қартайған/ шөккен әйел еді. 3. the ∼ noun қарттар, кәрілер ♦The old feel the cold more than the young. – Қарттар жастарға қарағанда тоңғақ келеді. 4.көне, ескі, тозған (opp: new) ♦old habits – көне әдеттер ♦He always gives the same old excuses. – Ол қашан да көне сылтауына басады. ♦This carpet's getting pretty old now. – Мына кілем әжептәуір тоза бастапты. 5.бұрынғы, өткен (кездегі), баяғы ♦Things were different in the old days. – Бұрынғы кездері/ Баяғыда тіршілік басқа еді. ♦I went back to visit my old school. – Өзім оқыған мектепке/ Баяғы мектебіме барып қайттым. ♦Old and Middle English – көне және орта ағылшын тілі 6.ескі, көне, бұрынғы, баяғы (opp: new) ♦We had more room in our old house. – Ескі/Баяғы үйіміз кең болатын. 7. ескі, көне, баяғы ♦She's an old friend of mine. – Ол менің баяғы/көне/ ескі досым. ♦We're old rivals. – Біз баяғыдан бақталаспыз/ бәсекелеспіз. 8. (informal) байғұс, бейшара; жаман неме ♦Good old Dad! – Байғұс әкем! ♦You poor old thing! – Ой, байғұсым-оу! ♦I hate her, the silly old cow! – Сол жаман немені жаным сүймейді! 9. (idm) *any old…(informal) кез-келгені, қайсысы болсын ♦Any old room would have done. – Қай бөлме болса да жарайды/ жарар еді. *any old how (informal) қалай болса солай, ыбырсыған, шашылған ♦The books were piled up all over the floor any old how. – Кітаптар еденде үймеленіп жатты. *as old as the hills өте ескі/ көне, ежелгі *a/the grand old age (of…) (әбден) қартайғанда ♦She finally learned to drive at the grand old age of 70. – Ол әбден қартайып, жетпіске келгенде ғана (машина) айдап үйренді. *a/the grand old man (of smth) белгілі бір саладағы беделді көнекөз маман ♦James Lovelock, the grand old man of environmental science – экология ғылымының әйгілі эксперті Джеймс Лавлок *a/the ripe old age (of…) әбден/ өте қартайған, ұзақ жасаған ♦He lived to the ripe old age of 91. – Ол тоқсан бірге дейін жасады. *be up to your (old) tricks (informal, disapproving) баяғы әдетіне қайта басу, баяғы күйіне қайта түсу ♦He had soon spent all the money and was up to his old tricks. – Ол көп ұзамай барлық ақшасын тауысып, баяғы күйіне қайта түсті. *a chip off the old block (informal) ата-анасынан аумаған/ айнымаған адам *for old times’ sake бұрынғы жақсы уақытты еске ала (істеу) *give smb the (old) heave-ho (informal) біреуді жұмыстан шығарып жіберу; біреумен қатынасын үзу *the good/bad old days бұрынғы жақсы/ жаман кездер ♦That was in the bad old days of rampant inflation. – Ол инфляция ауыздық бермей тұрған бір қиын күндерде (болған) еді. *have a high old time (old-fashioned, informal) ерекше көңіл көтеру, уақытын өте қызықты өткізу *in old money (BrE, informal) ескіше, ескі өлшем, ақша тсс бойынша ♦The fish measured 29 centimetres (that's a foot in old money). – Балық 29 см болды (ескіше алғанда бұл бір фут). *money for jam/old rope (BrE, informal) жеңіл (табылған) ақша ♦The job only took about an hour - it was money for old rope. – Бұл жұмыс бір сағатта-ақ бітті – сөйтіп жеңіл ақша болды. *(there’s) no fool like an old fool (saying) кәрі ақымақтан асқан ақымақ жоқ (кәрі адам топас қылық жасаса сұмдық көрінеді дег мағ) *of old (formal or literary) бұрынғы кездерде, бұрынғы кездерден бері ♦in days of old – бұрынғы/ баяғы уақыттарда ♦We know him of old. – Біз оны баяғыдан білеміз. *old boy, chap, man, etc. (old-fashioned, BrE, informal) құрдас, тамыр, замандас *old enough to be smb’s father/mother (disapproving) шешесіндей/ әкесіндей (жасы үлкен) *old enough to know better жақсырақ білетін (егде/ үлкен) жаста болу *(have) an old head on young shoulders «жас иықтардағы кәрі бас», жас та болса ақылды адам *the (same) old story сол баяғы (жауыры шыққан) әңгіме ♦It's the same old story of a badly managed project with inadequate funding. – Бұл – дұрыс ақша бөлмей, нашар басқарылған жоба жайлы көп жарапазанның/ әңгіменің бірі. *an old wives’ tale (disapproving) «кәрі әйелдердің әңгімесі», ғылыми дәлелденбеген көне идея не түсінік *one of the old school «ескі мектептің біреуі», бұрынғыша істейтін адам *settle a score/an account (with smb), settle an old score (көне жайттың) есесін қайтару/ толтыру ♦‘Who would do such a thing?’ ‘Maybe someone with an old score to settle.’ – «Бұндайды кім істеуі мүмкін?» «Көптен бері күпті болып жүрген біреу шығар». *(you can’t) teach an old dog new tricks (saying - мәтел) «ескі итке жаңа нәрселер үйрету (үйрете алмау)», біреудің бойына сіңген әдетін, түсінігін өзгерту (өзгерте алмау) *(as) tough as old boots, (as) tough as nails (informal) шегедей, көне аяқ киімдей мығым (a) қиындықты жеңе алатындай мығым ♦She’s almost 90 but she’s still as tough as old boots. – Ол тоқсанға таяса да(ғы) мығым/ ширақ. (b)сезімсіз, сезімін білдіртпейтін