ominous [ˈɒmɪnəs] adj жамандықтың нышаны/ белгісі, теріс ырым, секем алдыратын, секемдендіретін, бір пәлені сездіретін, біртүрлі, жайсыз (syn: foreboding) ♦There were ominous dark clouds gathering overhead. – Төбеде қарасұр бұлттар үйіріліп жатты. ♦She picked up the phone but there was an ominous silence at the other end. – Ол телефонды көтергенде трубканың арғы жағында секем алдыратын үнсіздік болды. ♦Things looked ominous for Susan. – Сюзанның жағдайы жайсыз/ біртүрлі көрінді.