on [ɒn] A.prep -да, -де, -та, -те, -лай, -дай, тсс түрлі жалғалуар 1.орынды, тұсты білдіреді ♦a picture on a wall – қабырғадағы сурет ♦There's a mark on your skirt. – Юбкаңда дақ бар екен. ♦the diagram on page 5 – 5-інші беттегі диаграмма ♦Put it down on the table. – Бұны столға қой. ♦He had been hit on the head. – Оның басына бірнәрсе тиген. ♦She climbed on to the bed. – Ол төсекке мінді/ шықты. 2.сүйенуді, тсс білд ♦She was standing on one foot. – Ол бір аяғына сүйене тұрған. ♦Try lying on your back. – Шалқалай жатуға тырыс(ыңыз). ♦Hang your coat on that hook. – Үст киіміңізді ілмекке іл(іңіз). 3.көлікті білд ♦He was on the plane from New York. – Ол Нью-Йорктен ұшқан ұшақта еді. ♦to travel on the bus/tube/coach - автобуспен/ метромен/ үлкен автобуспен жүру ♦I came on my bike. – Велосипедіммен келдім. ♦a woman on horseback – ат мінген әйел/ салт атты әйел 4.уақытты білд ♦He came on Sunday. – Ол жексенбіде/ жексенбі күні келді. ♦We meet on Tuesdays. – Біз сейсенбі күндері жолығамыз. ♦on May the first/the first of May – бірінші мамырда ♦on the evening of May the first – бірінші мамыр күні кешке ♦on one occasion – бір оқиғаға бола ♦on your birthday – туған күніңде 5.өйте/ бүйте сала, тсс ♦On arriving home I discovered they had gone. – Үйге келген бойда олардың кетіп қалғанын білдім. ♦Please report to reception on arrival. – Келген бойда ресепшенге айт. ♦There was a letter waiting for him on his return. – Келсе, оған жіберілген бір хат бар екен. 6.жөнінде, туралы, жайлы, хақында ♦a book on South Africa – Оңтүстік Африка жайлы кітап ♦She tested us on irregular verbs. – Ол біздің бұрыс етістікті білетінімізді тексерді. 7. ♦Have you got any money on you? – Өзіңмен бірге ақша бар ма? 8. ♦to be on the committee/staff/jury/panel – комитетте/ құрамда/ жюриде/ панелде болу ♦Whose side are you on? – Қайсысын жақтайсың(ыз)? 9. ♦He lived on a diet of junk food. – Ол кез-келген нәрсені жей беретін. ♦The doctor put me on antibiotics. – Дәрігер маған антибиотиктер жазып берді.10.бағытты, жақты білд ♦on the left/right – сол/оң жақта ♦He turned his back on us. – Ол бізге арқасын бұрды/ берді. 11.бір жерде/ тұста; жанында, қасында ♦a town on the coast – жағалаудағы кент ♦a house on the Thames – Темзаның қасындағы үй ♦We lived on an estate. – Біз жекеменшік үйде тұрдық. 12.бірнәрсеге сүйене/ бола ♦a story based on fact – фактіге сүйенген әңгіме ♦On their advice I applied for the job. – Олардың кеңесімен/ Оларды тыңдай жұмысқа тұруға арыз бердім. 13. ♦to live on a pension/a student grant – пенсияға/ стипендияға өмір сүру ♦to be on a low wage – жалақысы аз болу ♦You can't feed a family on £50 a week. – Отбасын аптасына £50-қа асырай алмайсың. ♦Drinks are on me. – Ішімдіктіерге мен төйлеймін. 14. ♦She played a tune on her guitar. – Ол гитарасымен ырғақ салды/ ойнады. ♦The information is available on the Internet. – Бұл информция интернетте бар. ♦We spoke on the phone. – Біз телефонмен сөйлестік. ♦What's on TV? – Телевизорда не бар (екен)? ♦The programme's on Channel 4. – Бұл программа Channel 4-да/ 4-арнада. 15. ♦a ban on smoking – темекіге тыйым ♦He's hard on his kids. – Ол балаларына қатты/ қатал. ♦Go easy on the mayo! – Майонез тым көп жеме! 16.салыстырғанда ♦Sales are up on last year. – Өткен жылмен салыстырғанда көп сатылуда. 17. ♦to be on business/holiday/vacation – жұмыспен жүру/ демалыста болу ♦The book is currently on loan. – Бұл кітапті қазір біреу қарызға алған. 18.телефон номерін білд ♦You can get me on 020 7946 0887. – Менімен 020 7946 0887 номерімен хабарласа аласың(ыз). ♦She's on extension 2401. – Оның ішкі нөмірі – 2401. B.adv 1.бірнәрсенің жалғасып жатқанын білд ♦He worked on without a break. – Ол үздіксіз жұмыс істеді. ♦If you like a good story, read on. – Жақсы әңгімені ұнатсаң, оқи бер(гін). 2.алға, алдыға ♦She stopped for a moment, then walked on. – Ол сәл кідірді де алға жүрді. ♦Keep straight on for the beach. – Тура жүре берсеңіз (алда) пляж болады. ♦From then on he never trusted her again. – Содан бастап ол оған ешбір сенген емес. ♦Please send the letter on to my new address. – Хатты әрі қарай менің жаңа адресіме жіберіңіз. 3.киген, таққан, тсс ♦Put your coat on. – Үст киіміңізді ки(іңіз). ♦I didn't have my glasses on. – Көзәйнегімді таққан жоқпын. ♦What did she have on? – Ол не киген екен? 4.жабылған, жанасқан, құраған, тсс ♦Make sure the lid is on. – Қақпақтың жабулы екенін тексер(іңіз). 5.қосылған, жалғанған, істеп жатқан, тсс ♦The lights were all on. – Шамның барлығы жағылыпты. ♦The TV is always on in their house. – Үйлерінде телевизор ылғи қосылып тұрады. ♦We were without electricity for three hours but it's on again now. – Үш сағат бойы электрсіз отырдық, бірақ енді қайта қосылды. 6.болып жатқан ♦There was a war on at the time. – Ол соғыс кезі еді. ♦What's on at the movies? – Кинотеатрларда не бар екен? ♦The band are on in ten minutes. – Ансамбль он минутта өнер көрсетеді. 7.алдағы уақытқа жоспарланған ♦The game is still on. – Ойын уақыты әлі өзгермеген. ♦I don't think we've got anything on this weekend. – Осы апта соңына пәлендей жоспарымыз бар деп ойламаймын. ♦I'm sorry we can't come - we've got a lot on. – Ғафу өтінемін, келе алмаймыз – қолымыз тимейді. 8.жұмыста, қызметте ♦I'm on now till 8 tomorrow morning. – Енді ертеңгі 8-ге дейін жұмыстамын. 9.көлікке міну/ отыру, көлікке қарай ♦The bus stopped and four people got on. – Автобус тоқтап, төрт адам мінді. ♦They hurried on to the plane. – Олар ұшаққа асықты.10.(idm) *be/go/keep on about smth (informal, disapproving) күңкілдеу, қыңқылдау ♦Stop keeping on about it! – Күңкілдей бермеші! *be/go/keep on at smb (to do smth) (informal,disapproving) сұрағыштап мазаны алу, айтып қоймай қою ♦He was on at me again to lend him money. – Ол тағы да менен ақша сұрап мазаны алды. *be on about smth (informal) бірнәрсе жайлы айту; бірнәрсені білдіру, меңзеу ♦I didn't know what he was on about. It didn't make sense. – Оның не(ні) айтып тұрғанын білмедім. Түсініксіз болды. *be on for smth (informal) бірнәрсе істегісі келу ♦Is anyone on for a drink after work? – Жұмыстан соң ешкімнің ішкісі келмей ме/ ішкісі келгендер бар ма? *it isn’t on (informal) жарамайды, болмайды дег мағ *off and on/on and off анда-санда, кейде, ара-тұра, оқта-текте ♦It rained on and off all day. – Күні бойы біресе жауып, біресе тоқтап тұрды. *on and on үздіксіз, қоймай, тоқтаусыз ♦She went on and on about her trip. – Ол үздіксіз қыдырумен/ сапарлаумен болды. ♦The noise just went on and on. – Шу басылмай тұрып алды. *what are you, etc. on? (informal) саған/ сізге не болған? (біреудің қылығына, жүріс-тұрысына таңырқауды білд) *you’re on (informal) келісімді білд