one [wʌn] A.number, determiner 1.бір (1 саны) ♦Do you want one or two? – Біреу қалайсың ба, жоқ екеу ме? ♦There's only room for one person. – Бір кісіге ғана орын бар. ♦One more, please! – Тағы біреу(с)ін бола ма екен! ♦a one-bedroomed apartment – жалғыз кісілік пәтер ♦I'll see you at one. – Өзіңмен сағат бірде жолығ(ыс)амыз. 2.сандарды, өлшемдерді нығарлай айтқанда қолд ♦It cost one hundred and fifty pounds. – Бұл бір жүз елу фунт болды. ♦He lost by less than one second. – Ол бір секундтан аз уақыт ұтылды. 3.бір, біреу, жалғыз ♦There's only one thing we can do. – Істейтін жалғыз ғана амалымыз бар. 4.көптің бірі дег мағ ♦One of my friends lives in Brighton. – Бір досым Брайтонда тұрады. ♦One place I'd really like to visit is Bali. – Барғым келетін бір жер, ол – Бали. 5.жалғыз, біреу ғана, сол ғана дег мағ ♦He's the one person I can trust. – Жалғыз ғана сенетін адамым сол/ Сенетін адамым сол ғана. ♦Her one concern was for the health of her baby. – Ойын мазалаған жалғыз нәрсе – сәбиінің денсаулығы еді. ♦It's the one thing I can't stand about him. – Соның осысына бола шыдамаймын. 6.әйтеуір бір күні/ кезде дег мағ ♦I saw her one afternoon last week. – Оны өткен аптаның бір күнінде түстен кейін көргенмін. ♦One day you'll understand. – Бір күні ұғасың/ түсінесің. 7.бір, бірдей, сондай дег мағ ♦They all went off in one direction. – Олардың бәрі бір жаққа қарай кетті. 8. (informal, especially NAmE) ойды нығарлай білдіру үшін a не an артиклдерінің орнына қолд ♦That was one hell of a game! – Ол бір сұмдық ойын болды! ♦She's one snappy dresser. – Ол сәнді киінгіш. 9.деген біреу, деген неме (syn: certain A(5)) ♦He worked as an assistant to one Mr Ming. – Ол мистер Миң деген біреудің көмекшісі болып істеді.10. (idm) *all in one біреуінде бәрі (бар), көпфункциялы, көпсалалы ♦an all-in-one printer with scanner, copier, and fax – сканері, копиері және факсі бар көпсалалы принтер *as one (formal) бір ауыздан, бәрі бірге, бәрі бірдей, бірлесе, бірдей ♦We spoke as one on this matter. – Осы мәселе бойынша бәріміз бірдей пікір айттық. *(be) at one (with smb/smth) (formal) біреумен біріккендей, толық келіскендей, түсініскендей сезіну; астасу, қабысу, кірігу ♦a place where you can feel at one with nature – өзіңді табиғатпен астасқандай сезінетін тұс/ орын *back to square one бастапқы жерге/ жағдайға, ең басына қайта оралу, басынан қайта бастау ♦If this suggestion isn't accepted, we'll be back to square one. – Мына ұсыныс қабылданбаса, қайтадан басынан бастайтын боламыз. *be in a minority of one (often humorous) жалғыз кісілік азшылықта болу, бөлекше пікірі бар жалғыз ғана адам болу *for one жеке өзім/ басым, өз басым, бір өзім ♦I, for one, would prefer to postpone the meeting. – Өз басым жиналысты кейінге шегерген дұрыс деп ойлаймын. *get smth in one бірден ұғу/ түсіну/ аңдау ♦Good going, James! You got it in one! – Аяқ алысың дұрыс, Джеймс! Бірден ұғып жатырсың! *get one over (on) smb/smth (informal) (біреуден/ бірн-ден) басым болып кету, басымдыққа ие болу, асып/ артып кету ♦I'm not going to let them get one over on me! – Олардың менен басым болып кетуіне жол бере алмаймын! *go one better (than smb/smth) (біреуден/ бірн-ден) жақсы/ жақсырақ істеу, артып/ асып кету (syn: outdo) ♦She did well this year and next year she hopes to go one better. – Бұл жылы ол жақсы істеді, ал келесі жылы бұдан жақсы істегісі келеді. *in one бір өзі бірнеше міндет/ қызмет/ функция атқаратын, көпсалалы ♦She's a mother and company director in one. – Оның бір өзі әрі ана, әрі компания директоры. ♦It's a public relations office, a press office and a private office all in one. – Бұның бір өзі – қоғаммен байланыс кеңсесі, баспасөз офисі және жеке кабинет. *one after another/the other бірінен соң/ кейін бірі, арты-артынан ♦The bills kept coming in, one after another. – Счеттар бірінен соң бірі келе берді. *one and all (old-fashioned, informal) әркім, барша, бәрі ♦Happy New Year to one and all! – Әр адамға/ Бәріңізге құтты жаңа жыл! *one and only теңдессіз, дара туған, керемет ♦Here he is, the one and only Van Morrison! – Мінеки, дара жаратылған/ керемет Ван Моррисонның өзі! *one and the same (аттары, атаулары әртүрлі болғанымен) бір адам, бір нәрсе, сол адам, сол нәрсе ♦I never realized Ruth Rendell and Barbara Vine were one and the same. – Рут Рендел мен Барбара Вайннің бір адам екенін ұқпаптым. *one by one бір-бірден, бір-бірлеп, жеке-жеке ♦I went through the items on the list one by one. – Тізімдегі заттарды бір-бірлеп қарап шықтым. *one or two бір-екі, бірнеше ♦We've had one or two problems - nothing serious. – Бір-екі мәселеміз болған – қиын ештеңе болмады. *one up (on smb) біреуден басым/ мықты *when you’ve seen, heard, etc. one, you’ve seen, heard, etc. them all (saying) біреуін көрсең, естісең, тсс бәрін көргенің, естігенің, тсс ♦I don't like science fiction novels much. When you've read one, you've read them all. – Ғылыми-фантастикалық/ Ғылыми-қияли романдарды онша ұнатпаймын. Олардың біреуін оқысаң, бәрін де оқыдым деуге болады. B.pron 1.бір, біреу, біреу(с)і ♦I'd like an ice cream. Are you having one, too? – Балмұздақ жегім келіп тұр. Сен де (біреуін) аласың ба? ♦Our car's always breaking down. But we're getting a new one soon. – Машинамыз сына береді. Бірақ енді жаңа біреуін (сатып) алайық деп жатырмыз. ♦She was wearing her new dress, the red one. – Ол жаңа көйлегін киген екен, қызылын (қызыл біреу(с)ін). ♦My favourite band? Oh, that's a hard one. – Осы (музыкалық) топ ұнай ма дейсің(із) бе? Бұл бір қиын сұрақ (екен). ♦What made you choose the one rather than the other? – Ананы емес, мынаны неге таңдадың(ыз)? ♦(BrE) How about those ones over there? – Ана біреулеріне қалай қарайсың(ыз)? 2. (біреуді/ бірн-ні) нақтылай айтқанда қолд ♦Our house is the one next to the school. – Үйіміз – мектептің қасындағысы/ мектептен кейінгісі. ♦The students who are most successful are usually the ones who come to all the classes. – Ең табысты оқушылар - сабақтардың бәріне қатысатындары. 3. ∼ of біреуі, біреусі ♦It's a present for one of my children. – Бұл балаларымның біреуіне/ біреусіне (арналған) тарту/сыйлық. ♦We think of you as one of the family. – Саған/ Сізге жанұямыздың бір мүшесі деп қараймыз. 4.ол, сол, (с)ондай біреу, (с)ол сияқты(лар), (с)ондай(лар) ♦10 o’clock is too late for the little ones. – Сағат он - ұсақ балалар үшін тым кеш. ♦He ached to be home with his loved ones. – Ол (өз) үйіне, аяулы жандарын көруге асықты. ♦∼ to do smth She was never one to criticize. – Ол (басқаларды) сынайтын біреу емес еді. 5. (formal) бұрындары «жұрт, адамдар» немесе «мен» дег мағ білдіретін ♦One should never criticize if one is not sure of one's facts. – Біреудің ісінің анық-қанығына көз жеткізбей тұрып сынаған болмайды/ дұрыс емес. ♦One gets the impression that they disapprove. – Олар құптамайтындай/ теріс қарайтындай көрінеді. 6. a one (old-fashioned, especially BrE) біртүрлі/ бірқызық адам ♦Oh, you are a one! – Өзің(із) бір қызық екенсің(із)! 7. the ∼ about smth әзіл (әңгіме), күлкілі әңгіме ♦Have you heard the one about the Englishman, the Irishman and the Scotsman? – Ағылшын, ирландиялық және шотландиялық жайлы әзіл естіп пе едің? 8. (idm) *be (a) one for (doing) smth бірнәрсеге әуес, қызығатын адам ♦I've never been a great one for fish and chips. – Балық пен картопқа ешқашан әуес болған емеспін.