only [ˈəʊnli] A.adj 1.тек (қана), жалғыз (ғана), осы ғана, -ақ ♦She's their only daughter. – Ол олардың жалғыз қызы/ Олардың қызы сол ғана/ сол-ақ. ♦We were the only people there. – Онда тек біз ғана болдық/ Онда біз-ақ болдық.. ♦His only answer was a grunt. – Ол жауап орнына ырс етті де қойды. 2. ең (жақсысы/ жаманы, тсс), тек (қана), жалғыз (ғана), осы (ғана), -ақ ♦She's the only person for the job. – Бұл жұмысқа ең дұрысы сол ғана/ Бұл жұмысқа дұрысы тек сол ғана/ Бұл жұмысқа сол-ақ дұрыс. 3. (idm) *in name only аты ғана ♦He's party leader in name only. – Оның партия жетекшісі деген аты ғана. *one and only [қ-з: one (A10)] *the only thing is… (informal) тек, әшейін, тек жалғыз ғана нәрсе ♦I'd love to come - the only thing is I might be late. – Қуана келетін боламын – тек кешігуім мүмкін. B.adv 1.тек (қана), -ақ ♦There are only a limited number of tickets available. – Біраз ғана билет бар/ Билеттердің шектеулі саны ғана бар. ♦The bar is for members only. – Бар тек мүшелерге ғана/ мүшелер үшін. ♦You only have to look at her to see she doesn't eat enough. – Оған бір қарап-ақ тойып тамақ ішпейтінін байқайсың(ыз). ♦Only five people turned up. – Бес-ақ адам келді/ Тек бес адам келді. 2.тек, (сонда, (с)өйткенде) ғана, тсс ♦I agreed, but only because I was frightened. – Қорыққанымнан ғана келістім. ♦Children are admitted only if accompanied by an adult. – Ересек адаммен бірге келсе ғана балалар кіре алады. 3.жай (ғана), ә(н)шейін, тек (қана) ♦It was only a suggestion. – Бұл жай кеңес/ ұсыныс (қана) еді. ♦Don't blame me, I'm only the messenger! – Мені айыптама, мен жай хабаршымын/ хабаршы ғанамын. ♦He was only teasing you. – Оның әшейін сені әжуалағаны ғой. 4.ғана, қана, тек, -ақ, небәрі, болса да, тсс ♦She's only 21 and she runs her own business. – Жасы 21-де болса да өзінің бизнесі/ кәсібі бар. ♦It only took a few seconds. – Бұл бірнеше секундта-ақ бітті/ Бұл небәрі бірнеше секундта бітті. ♦It took only a few seconds. – Бұл бірнеше секундта-ақ бітті/ Бұл небәрі бірнеше секундта бітті. 5. (сонда, өйткенде, тсс) ғана, қана ♦We only got here yesterday. – Мұнда кеше ғана келдік. ♦(formal) Only then did she realize the stress he was under. – Сонда ғана ол оның қаншалықты күйзеліп жүргенін ұқты. 6.ғана, қана, тек ♦We can only guess what happened. – Не болғанын болжай ғана аламыз. ♦He could only watch helplessly as the car plunged into the ravine. – Машина шатқалға құлағанда ол қарап тұрғаннан басқа ештеңе істей алмады. ♦I only hope that she never finds out. – Ол біліп қоймаса екен деп қана тілеймін. 7.тек, ғана, қана, тсс ♦If you do that, it will only make matters worse. – Өйтсең/ Олай етсең мәселе тек ушыға түседі. ♦Trying to reason with him only enrages him even more. – Ақылға салуға тырыссаң ол тек одан бетер ашулана түседі. 8. ∼ to do smth сөйтсе ... солай екен (таңғалысты, ренішті білд) ♦She turned up the driveway, only to find her way blocked. – Тұйық жолға келсе, жолын бөгеп тастапты. ♦I arrived only to find that the others had already left. – Келгенімде ғана олардың кетіп қалғанын білдім. 9. (idm) *if only солай болғанда ғой, солай болса ғой, тсс ♦If only I were rich. – Бай болғанымда ғой, шіркін. ♦If only I knew her name. – Тек есімін/ атын білгенімде ғой/ білсем еді. ♦If only he'd remembered to send that letter. – Хатты жіберу есінде болса ғой/ екен. ♦If only I had gone by taxi. – Таксимен кеткенімде ғой. *not only… but (also)… ғана емес... сондай-ақ, тек өйткен жоқ.... сонымен қатар, тсс ♦He not only read the book, but also remembered what he had read. – Ол кітапты жай оқып қана қойған жоқ, сондай-ақ не оқығанын есіне сақтады. *only have eyes for/have eyes only for smb біреуді құлай сүю, есіл-дерті біреу болу ♦He's only ever had eyes for his wife. – Оның есіл-дерті қашан да әйелі. *only just (a)енді/ қазір ғана, осы ғана ♦We've only just arrived. – Келгеніміз осы ғана/ Енді ғана келдік. (b) әзер, әрең, зорға ♦He only just caught the train. – Ол пойызға әзер/ әрең үлгерді. ♦I can afford it, but only just. – Бұған ақшам әзер/ әрең жетеді. *only too… өте ♦I was only too pleased to help. – Қуана көмектестім. ♦Children can be difficult as we know only too well. – Балалардың қиын болуы мүмкін екенін өзіміз жақсы білеміз ғой/ Өзіміз жақсы білетіндей, балалар қиын болуы мүмкін. *you’re only young once (saying) жас кезіңде ойнап-күліп қал C.conj (informal) тек, алайда, бірақ ♦I'd love to come, only I have to work. – Келгім-ақ келеді, бірақ жұмысым бар. ♦It tastes like chicken, only stronger. – Тауық татиды екен, тек өткірлеу/ күштілеу.