open [ˈəʊpən] A.adj 1.ашық, ашылған (opp: closed) ♦A wasp flew in the open window. – Ара ашық терезеден ұшып кірді. ♦She had left the door wide open. – Ол есікті шалқасынан ашып кетті. ♦The door flew open and the children rushed in. – Серпіле ашылған есіктен балалар сау ете қалды. ♦She had difficulty keeping her eyes open. – Ол көзін аша алмай қиналды. ♦He was breathing through his open mouth. – Ол аузын кең аша демалып жатты. ♦The flowers are all open now. – Гүлдердің бәрі қазір ашылған. ♦The book lay open on the table. – Кітап столда ашылған күйі жатты. ♦The pass is kept open all the year. – Асуды жыл бойы ашық ұстайды. ♦Leave the envelope open. – Конвертті ашық қалдыр. ♦The bag burst open and everything fell out. – Сөмке ашылып кетті де ішіндегілердің бәрі сау ете төгілді.2. (киім-кешек ж) ашық, түймеленбеген ♦Her coat was open. – Сырт киімі ашық/ түймеленбеген еді. 3.ашық, қоршалмаған, бос, тсс ♦open country – ашық/ бос (яғни, үйлері, орманы жоқ) жер/ тұс/ аймақ ♦a city with a lot of parks and open spaces – парктері мен бос/ ашық жерлері/ тұстары көп қала ♦driving along the open road – ашық/ тез (жүруге болатын) жолмен (көлікпен) жүру 4.ашық, (үсті) жабылмаған ♦an open drain – ашық канализация/ қалдық су арнасы ♦people working in the open air – тыста жұмыс істеп жүрген адамдар ♦The hall of the old house was open to the sky. – Ескі үйдің залының төбесі ашық еді. ♦an open wound – ашық жара ♦(NAmE) an open flame – ашық (яғни, сауыттың не тб ішінде емес) жалын 5. жұмыс істейтін, ашық (opp: closed) ♦Is the museum open on Sundays? – Музей жексенбі күндері ашық па? ♦The new store will be open in the spring. – Жаңа дүкен көктемде ашылмақ. ♦I declare this festival open. – Фестивалді ашық деп жариялаймын. 6.ашық, (басқалар) қатысуға болатын (syn: public) ♦an open debate/championship/scholarship – ашық дебат (пікірталас)/ чемпионат/ стипендия ♦She was tried in open court. – Оны ашық сотта соттады. ♦The debate was thrown open to the audience. – Дебатқа көрермендер де тартылды. ♦The competition is open to young people under the age of 18. – Сайысқа он сегіз жасқа дейінгілер қатыса алады. 7. ∼ (to smb) ашық, бар болу, мүмкін болу, тсс (opp: closed) ♦What options are open to us? – Бізде қандай мүмкіндіктер бар? ♦Is the offer still open? – Ұсыныс әлі күшінде ме? ♦I want to keep my Swiss bank account open. – Швейцариялық банк-счетымның істеп тұра бергенін қалаймын. 8. ∼ (to smth) қорғалмаған, ашық (syn: vulnerable) ♦The system is open to abuse. – Жүйе дұрыс қорғалмаған. ♦He has laid himself wide open to political attack. – Ол өзін ауыр саяси шабуыл өтіне қойды/ Ол өзіне ауыр саяси шабуыл қаупін төндірді. ♦Kasparov had left his bishop open. – Каспаров (шахмат ойнында) пілін ашық/ қорғаусыз қалдырды. 9.ашық, бүкпесіз, шектеусіз ♦an open quarrel – көпе-көрнеу егес ♦open government – ашық үкімет ♦their open display of affection – бір-біріне деген ықыласын жасырмау ♦His eyes showed open admiration as he looked at her. – Ол оған қараған кезде көздерінен оған деген жылы шырайы байқалып тұрды. 10.ашық, тура, бүкпесіз (syn: frank) ♦She was always open with her parents. – Ол ата-анасымен ылғи ашық әңгімелесетін. ♦He was quite open about his reasons for leaving. – Ол кетуінің себебін ашық айтты. 11. ∼ to smth ашық, зейін қойған, құлақ түрген ♦I'm open to suggestions. – Ұсыныстарың(ызғ)а құлағым түрік/ Ұсыныстарың(ыз)ды тыңдауға әзірмін. 12. ∼ (to smth) әлі бітпеген/ шешілмеген, тсс, ашық ♦The race is still wide open. – Жарыста әлі ешкім суырылып алға шыққан жоқ/ Жарыстың қалай аяқталатыны әлі беймәлім. ♦The price is not open to negotiation. – Бағаны саудала(с)уға болмайды. ♦Some phrases in the contract are open to interpretation. – Контрактің кейбір баптарын түрлі(ше) түсінуге болады. ♦Which route is better remains an open question. – Қай жолдың/ маршруттың дұрыс болатыны әлі анықталмады. ♦In an interview try to ask open questions. – Интервью кезінде ауқымды сұрақ қоюға талпын(ыңыз). 13. (тоқымада) жіптерінің арасы ашық ♦an open weave – жіптерінің арасын аша тоқыған мата 14. (also low) ашық дауысты (дыбыс) 15.(idm) *be an open secret «ашық құпия», әркімге мәлім құпия *burst open, burst (smth) open серпи/ жұлқи ашу, серпіле/ жұлқи ашылу ♦The door burst open. – Есік серпіле ашылды. ♦Firefighters burst the door open and rescued them. – Өрт сөндірушілер есікті күшпен ашып, оларды құтқарды. *have/keep an open mind (about/on smth) тыңдауға құлықты болу, ұсынысқа зейінді болу *keep your ears/eyes open (for smth) қағылез/ елгезек/ ширақ/ әбжіл болу *keep an eye open/out (for smb/smth) көз салып жүру, назардан тыс қалдырмау ♦Police have asked residents to keep an eye out for anything suspicious. – Полиция тұрғындардан сезікті кез-келген нәрсеге көз салып жүрулерін өтінді. *keep/leave your options open әлі қарастыру/ ойлану/ шешім қабылдамау ♦At the moment I'm keeping my options open and applying for as many different jobs as possible. – Қазіргі кезде түрлі жұмысқа арыз беріп, әлі бір ұйғарымға келген жоқпын. *on the open market ашық/ шектеусіз сатылуда *an open book ашық кітап (өте түсінікті нәрсе) *an open invitation (to smb) a) (біреуге айтылған/ берілген) шақыру b) қылмысқа, тсс итермелеу, дем беру ♦Leaving your camera on the seat in the car is an open invitation to thieves. – Фотоаппаратыңды машина орындығында қалдыру – қылмыскерлерге дем беру. *with your eyes open біле/сезе тұра ♦I went into this with my eyes open so I guess I only have myself to blame. – Бұған (бұндай нәрсеге) мен біле тұра бардым, сондықтан өзімді ғана кінәлауім керек шығар. *with open arms құшақ жая (қарсы алу, тсс) B.v 1.ашу (opp: close 1(A)) ♦Mr Chen opened the car door for his wife. – Чен мырза әйелі үшін машина есігін ашты. ♦The door opened and Alan walked in. – Есік ашылып, Алан кіріп келді. ♦The doors of the bus open automatically. – Автобус есіктері өздігінен/ автоматты түрді ашылады. ♦Shall I open another bottle? – Тағы бір шөлмек ашайын ба? ♦He opened the letter and read it. – Ол хатты ашты да оқыды. ♦She opened her bag and took out her passport. – Ол сумкасын ашып, паспортын алды. ♦(ауысп мағ) He hardly ever opens his mouth. – Оның жақ ашуы қиын. ♦Open your books at page 25. – Кітаптарың(ыз)дағы 25-інші бетті ашың(ыз)дар. 2.ашу, жаю, ашылу, жайылу, жазу, жазылу ♦What if the parachute doesn't open? – Парашют ашылмаса/ жазылмаса не болады? ♦The flowers are starting to open. – Гүлдер ашыла бастады. ♦Open the map on the table. – Картаны столға жай/ жаз. ♦He opened his arms wide to embrace her. – Ол оны құшақтау үшін құшағын жазды/ жайды. 3. (шекараны, дүкенді, музейді, тсс) ашу (opp: close 1(A)) ♦When did the country open its borders? – Ел шекараларын қашан ашқан? ♦The road will be opened again in a few hours after police have cleared it. – Жол бірнеше сағаттан соң, полиция тазалағаннан кейін ашылады. ♦What time does the bank open? – Банк қаншада ашылады? ♦The company opened its doors for business a month ago. – Компания бір ай бұрын жұмыс істей бастады. 4.ашу, ашылу, бастау, басталу (opp: close 1(A)) ♦The new hospital opens on July 1st. – Жаңа емхана шілденің 1-інде ашылады. ♦When does the play open? – Ойын қаншада басталады? 5.ашу, бастау, кірісу ♦∼ smth You need just one pound to open a bank account with us. – Біздің банкте счет ашу үшін бір фунт болса-ақ жетеді. ♦Who is going to open the conference? – Конференцияны кім ашпақ(шы)? ♦The police have opened an investigation into the death. – Полиция өлімді тергеуге алды. ♦Troops opened fire on the crowds. – Әскерлер жиналғандарға оқ атты. ♦∼ smth with smth They will open the new season with a performance of ‘Carmen’. – Олар жаңа маусымды «Карменмен» ашады/ бастайды. 6. ∼ (with smth) (әңгіме, фильм ж) басталу ♦The story opens with a murder. – Әңгіме өліммен басталады. ♦How does the play open? – Пьеса қалай басталады? 7. (жаңа ғимаратты, тсс ресми) ашу ♦The bridge was opened by the Queen. – Көпірді королева ашты. 8. (idm) *(open) the door to smth жол/ мүмкіндік ашу ♦The agreement will open the door to increased international trade. – Келісім халықаралық сауданың ұлғаюына жол ашады. ♦Our courses are the door to success in English. – Біздің курстарымыз ағылшын тілінде табысты болуға мүмкіндік береді. *the heavens opened қатты нөсер жауа бастады *open doors for smb біреуге мүмкіндік жасау, жол ашу *open the way for smb/smth (to do smth) жол ашу, мүмкіндік туғызу, себепкер болу ♦The agreement could open the way for the country to pay off its debts. – Келісім елдің өз қарыздарын өтеуіне жол ашады. *open your/smb’s eyes (to smth) біреудің көзін бірнәрсеге жеткізу/ ашу ♦Travelling really opens your eyes to other cultures. – Сапар шегу басқа мәдениеттерді танытады. *open your/smb’s mind to smth біреуді бірнәрсеге таныту, бірнәрсемен таныстыру, білгізу ♦He’s eager to open the minds of his audience to different kinds of music. – Ол тыңдармандарын түрлі музыкамен таныстыруға құштар. *pour out/open your heart to smb біреуге жүрегін/ сырын ашу, ағынан жарылу 9. (phr v) *open into/onto smth бірнәрсеге қарай орналасу, бірнәрсеге қарай қарай ашылу, шығу, тсс ♦This door opens onto the yard. – Мына есік аулаға қараған. ♦The two rooms open into each other. – Екі бөлме бір-біріне қараған. *open out үлкейе, кеңейе түсу ♦The street opened out into a small square. – Көше кеңейіп барып шағын алаңға тірелді. *open out (to smb) (BrE) = open up (to smb) ашылып сөйлеу, ішіндегісін айту, тіс жару, жақ ашу ♦He only opened out to her very slowly. – Ол оған әрең дегенде тіс жарды. *open up a) ата бастау ♦Anti-aircraft guns opened up. – Ұшаққа қарсы қарулар (оқ) ата бастады. b) (есікті, тсс) ашу ♦Open up or we'll break the door down! – Аш, әйтпесе есікті бұзамыз! *open up (to smb) (BrE also open out (to smb)) ашылып сөйлеу, ішіндегісін айту, тіс жару, жақ ашу ♦Last night was the first time that Ken had opened up about his feelings. – Кеше кешке Кен алғаш рет тіс жарып ішіндегісін айтты. ♦He only opened up to her very slowly. – Ол оған әрең дегенде жақ ашты. *open smth up | open up a) ашу, мүмкін болу, мүмкіндік жасау, жағдай жасау ♦The new catalogue will open up the market for our products. – Жаңа каталог өнімдеріміз үшін рынокты ашады. ♦The railway opened up the east of the country. – Теміржол елдің шығысын жалғады/ шығысына жол ашты. ♦Exciting possibilities were opening up for her in the new job. – Жаңа жұмысында ол үшін тамаша мүмкіндіктер ашылып жатқан еді. b) ашу, жұмыс күнін бастау (opp: close up) ♦I open up the store for the day at around 8.30. – Дүкенді әр күн шамамен сағат 8.30-да ашамын. c) жаңа бизнес/ кәсіп ашу/ бастау (opp: close down) ♦There's a new Thai restaurant opening up in town. – Қалада жаңа тай рестораны ашылмақшы. d) туындау, пайда болу ♦A division has opened up between the two ministers over the issue. – Осы мәселе бойынша екі министрдің арасында алшақтық пайда болды. ♦Scott opened up a 3-point lead in the first game. – Бірінші ойында Скот үш ұпаймен алға шықты. e) ашылып ұлғаю; ашыла/ кеңейе/ өрістей түсу (opp: close up) ♦The wound opened up and started bleeding. – Жара(ның аузы) ашылып кетіп қанай бастады. ♦The operation will open up the blocked passages around his heart. – Операция (оның) жүрегінің жан-жағындағы бітелген өткелдерді ашатын болады. *open smth up ашу ♦She laid the book flat and opened it up. – Ол кітапты жатқыза қойып барып ашты. ♦He opened up his case and took out a clean sweater. – Ол чемоданын ашып, таза свитер алды. C.n the ∼ 1.сырт, тыс ♦Children need to play out in the open. – Балалардың тыста ойнауы керек. 2. in/into the ∼ ашық, мәлім, белгілі, жасырын/ құпия емес ♦Government officials do not want these comments in the open. – Үкімет ресми өкілдері бұл пікірлердің жария болғанын қаламайды. ♦They intend to bring their complaints out into the open. – Олар(дың) өз шағымдарын жария еткісі келеді.