opening [ˈəʊpənɪŋ] A.n 1.саңылау, ашық жер/ тұс, тесік, жарық, ойық, қуыс ♦We could see the stars through an opening in the roof. – Төбедегі саңылаудан жұлдыздарды көре алдық. 2.басталуы, басы, кіріспе(сі), беташар (opp: ending) ♦The movie has an exciting opening. – Кино керемет басталады. 3.ашу/ ашылу (рәсімі), кірісу/ кіріспе (рәсімі) ♦the opening of the Olympic Games – олимпия ойындарының ашылуы ♦the official opening of the new hospital – жаңа емхананың ресми ашылуы 4.ашылу, жайылу, жазылу; басталу (opp: closing) ♦the opening of a flower – гүлдің ашылуы/ жайылуы ♦the opening of the new play – жаңа пьесаның басталуы ♦Late opening of supermarkets is common in Britain now. – Қазіргі кезде Британияда супермаркеттер кеш ашылатын болды/ болып алды. 5.бос жұмыс орны, вакансия (syn: vacancy) ♦There are several openings in the sales department. – Сату бөлімінде бірнеше бос жұмыс орны/ вакансия бар. 6. (жақсы) мүмкіндік, орайлы сәт ♦Winning the competition was the opening she needed for her career. – Сайыстағы жеңісі (оның) карьерасы үшін жақсы жағдай жасады. 7. (киімдегі арнайы істелген) тілік, тілім ♦The skirt has a side opening. – Юбканың бір шетінің тілігі бар/ Юбканың бір шеті ашылады B.adj кіріспе, алғашқы, басы (opp: closing) ♦his opening remarks – оның кіріспе сөзі ♦the opening chapter of the book – кітаптың кіріспе тарауы ♦The king is killed in the opening act. – Корольді бірінші актіде өлтіреді. ♦United scored in the opening minutes of the game. – Юнайтед алғашқы минуттарда есеп ашты.