operate [ˈɒpəreɪt] v 1.істеу, әрекет ету (syn: function) ♦Most domestic freezers operate at below -18°C. – Үйдегі мұздатқыштардың көбі -18°C-тан төмен температурада жұмыс істейді. ♦Solar panels can only operate in sunlight. – Күн (энергиясы) панелдері күн ашық кезде ғана істейді. ♦(figurative) Some people can only operate well under pressure. – Кейбір адамдар қысым түскен кезде ғана жақсы жұмыс істейді. 2. ∼ smth істет(кіз)у, жүргізу, әрекет еткізу ♦What skills are needed to operate this machinery? – Мына жабдықты/ машинаны істету үшін қандай білім қажет? 3.істеп/ әрекет етіп жату, қолданыста болу; қолдану, пайдалану, істету ♦A new late-night service is now operating. – Жаңа түнгі қызмет қазір жұмыс істеуде. ♦The regulation operates in favour of married couples. – Бұл ереже ерлі-зайыптыларға жағдай жасайды. ♦∼ smth The airline operates flights to 25 countries. – Авиакомпания 25 елге ұшады. ♦France operates a system of subsidized loans to dairy farmers. – Францияда сүтші фермерлерге субсидия беру жүйесі істейді. 4.жұмыс істеу, әрекет ету ♦They plan to operate from a new office in Edinburgh. – Олар Эдинбургтегі жаңа офисінен әрекет етпек(ші). ♦Illegal drinking clubs continue to operate in the city. – Заңсыз ішімдік сататын клубтар қалада жұмыстарын жалғастыруда. 5. (хирургиялық) операция жасау ♦The doctors operated last night. – Дәрігерлер өткен түні операция жасады. ♦∼ (on smb) (for smth) We will have to operate on his eyes. – Оның көздеріне операция жасауымыз керек. ♦to operate for suspected acute appendicitis –соқырішекке/ апендицитке операция жасау 6. (әскер ж) әрекет ету, операция жасау ♦Troops are operating from bases in the north. – Әскер солтүстіктегі базаларынан әрекет етуде.