opinion [əˈpɪnjən] n 1.пікір, ой, көзқарас (syn: view) ♦∼ (about/of/on smb/smth) We were invited to give our opinions about how the work should be done. – Бізді шақырып, жұмысты қалай тындыру керектігі жөнінде(гі) ойымызды сұрады. ♦I've recently changed my opinion of her. – Жуырда ол жайлы пікірімді өзгерттім. ♦Everyone had an opinion on the subject. – Бұл мәселе жөнінде әркімнің (де) өз пікірі болды. ♦∼ (that…) The chairman expressed the opinion that job losses were inevitable. – Төраға жұмыс орындарының азаюы болмай қоймайтын нәрсе деген пікір айтты. ♦He has very strong political opinions. – Оның мықты саяси пікірлері бар. ♦In my opinion, it's a very sound investment. – Менің пікірімше, бұл өте дұрыс инвестиция. ♦(formal) It is our opinion that he should resign. – Оның қызметінен кетуі керек деп ойлаймыз. ♦If you want my opinion, I think you'd be crazy not to accept. – Пікірімді білгің келсе, ұсынысты қабылдамау ойсыздық болар еді. 2. пікір, ой, көзқарас, позиция ♦legal/medical/political opinion – заң жүзіндегі көзқарас/ медициналық пікір/ саяси позиция ♦There is a difference of opinion as to the merits of the plan. – Жоспардың сапасына қатысты пікір алшақтығы бар. ♦Opinion is divided on the issue. – Мәселеге қатысты пікір екіге бөлінді. ♦There is a wide body of opinion that supports this proposal. – Осы ұсынысқа көптеген адам оң қабақ танытуда. ♦Which is the better is a matter of opinion. – Әркімнің өз қалауы бар. 3.кеңес, консультация, пікір ♦They called in a psychologist to give an independent opinion. – Олар бейтарап консультация/ кеңес алу үшін психолог шақырды. ♦I'd like a second opinion before I make a decision. – Шешім шығармас бұрын біраз ақылдасқым келеді. 4. (idm) *be of the opinion that… (formal) ... деген пікірі бар болу, ойы пәлендей болу ♦We are strongly of the opinion that great caution should be exercised in dealing with this matter. – Осы мәселемен айналысқанда өте мұқият болу керек деген нық пікіріміз бар. *your considered opinion кесіп-пішкен пікір, ой *have a good, bad, high, low, etc. opinion of smb/smth біреу/ бірнәрсе жайлы жақсы, жаман, жоғары, төмен ойлау ♦The boss has a very high opinion of her. – Бастық оны өте жоғары бағалайды.