opposed [əˈpəʊzd] adj ∼ (to smth) 1.қарсы болған/ шыққан, келіспеген ♦She remained bitterly opposed to the idea of moving abroad. – Ол шетелге көшу туралы ойға үзілді-кесілді қарсы шықты. ♦They are totally opposed to abortion. – Олар абортқа мүлде қарсы. 2.кереғар, қарама-қайшы, қарама-қарсы, (өзара) бөлек ♦Our views are diametrically opposed on this issue. – Бұл мәселеде көзқарастарымыз бір-біріне мүлде қарама-қайшы/ өзара бөлек болды. 3. (idm) *as opposed to (formal) салыстырғанда, қарағанда ♦200 attended, as opposed to 300 the previous year. – 200-і келді, өткен жылы 300 адам қатысқан еді. ♦This exercise develops suppleness as opposed to strength. – Бұл жаттығу денені мығым еткеннен гөрі икемді етеді.