opposition [ˌɒpəˈzɪʃn] n 1. ∼ (to smb/smth) қарсылық, қарсы болу(шылық), келіспеушілік ♦Delegates expressed strong opposition to the plans. – Делегаттар жоспарға өте қарсы екенін білдірді. ♦The army met with fierce opposition in every town. – Армия әр қалада қиян-кескі қарсылыққа тап болды. ♦We cannot back down at the first sign of opposition. – Қарсылықты көре сала/ көрген бойда шегінбеуіміз керек. ♦He spent five years in prison for his opposition to the regime. – Ол режимге қарсы шыққаны үшін бес жыл(ын) түрмеде өткізді. ♦opposition forces – қарсы/ қарсылас күштер 2. the ∼ қарсы жақ/ тарап, қарсылас, бәсекелес ♦He's gone to work for the opposition. – Ол бәсекелес жаққа жұмысқа тұрды. ♦The opposition is/are mounting a strong challenge to our business. – Бәсекелес жақ бизнесімізге/ ісімізге қатты төнуде/ шүйлігуде. ♦Liverpool couldn't match the opposition in the final and lost 2-0. – Ливерпул қарсы жаққа төтеп бере алмай, финалда 2-0 есебімен ұтылды. 3. the O∼ (NAmE the ∼) оппозиция, оппозициялық партия ♦the leader of the Opposition – оппозиция(ның) жетекшісі ♦Opposition MPs/parties – оппозициялық/ оппозиционер депутаттар/ партиялар ♦the Opposition spokesman on education – оппозициялық/ көлеңке білім министрі 4. (formal) кереғарлық, қайшылық, қарама-қайшылық, қарама-қарсылық, қарсыластық ♦the opposition between good and evil – жақсылық пен зұлымдықтың қарама-қарсылығы ♦His poetry is full of oppositions and contrasts. – Оның поэзиясы кереғарлықтар мен қайшылықтарға толы. 5. (idm) *in opposition (саяси партия ж) оппозицияда(ғы) ♦They returned to power after six years in opposition. – Олар алты жыл оппозицияда болып, билікке оралды. *in opposition to smb/smth a) қарсы, келіспеген, келіспейтін, наразы ♦We found ourselves in opposition to several colleagues on this issue. – Осы мәселеде бірнеше әріптесімізбен келісе алмай қалдық. ♦Protest marches were held in opposition to the proposed law. – Ұсынылған заң жобасына қарсы наразылық шерулері өтті. b) қарама-қарсы, кереғар, қайшы ♦Leisure is often defined in opposition to work. – Демалысты көбінесе жұмысқа кереғар ұғым деп түсінеді.