oppress [əˈpres] v 1. ∼ smb жәбірлеу, зәбір көрсету, озбырлық жасау, жапа шектіру, қысым жасау, қыспаққа алу, езу, жаншу, қудалау, қуғындау, теперіш көрсету, түрткілеу, сорлату, қорлау, зұлымдық жасау ♦The regime is accused of oppressing religious minorities. – Режимді діни азшылықтарды жәбірледі/ қысым көрсетті деп айыптайды. ♦Throughout history, our people have been oppressed and exploited. – Тарихтың өне бойында халқымыз езгі мен қыспақты/ озбырлықты көріп келеді. 2. ∼ smb құлазыту, торықтыру, еңсесін түсіру, жабырқату (syn: weigh smb down) ♦The gloomy atmosphere in the office oppressed her. – Кеңседегі сүреңсіз күй оны құлазытты. ♦He was beginning to feel oppressed by his surroundings. – Айналасына қарап оның еңсесі түсе бастады.