option [ˈɒpʃn] A.n 1. мүмкіндік, амал, таңдау, шара, лаж, жол, опция ♦As I see it, we have two options…- Қарап отырсам, екі жолымыз/ мүмкіндігіміз бар екен. ♦There are various options open to you. – Таңдай алатын бірнеше мүмкіндігің бар. ♦We are currently studying all the options available. – Қазір бар(лық) мүмкіндікті қарастырудамыз. ♦Going to college was not an option for me. – Колледжге түсу жағын ойламаған едім. ♦I had no option but to ask him to leave. – Оған кет(іңіз) дегеннен басқа амалым болмады. ♦∼ (of doing smth) Students have the option of studying abroad in their second year. – Студенттердің екінші курста шетелде оқитын мүмкіндіктері бар. ♦∼ (to do smth) A savings plan that gives you the option to vary your monthly payments. – Ай сайынғы төлемдеріңді икемдеуге мүмкіндік беретін ақша үнемдеу жоспары. ♦He was given one month’s imprisonment without the option of a fine. – Ол айыппұл төлеп шығу мүмкіндігінсіз бір ай түрмеге кесілді. ♦This particular model comes with a wide range of options. – Мына моделде опциялардың біршама түрі бар. 2. таңдайтын пән, таңдауға болатын пән, қосымша пән ♦The course offers options in design and computing. – Бұл курста дизайн мен информатика қосымша пән ретінде бар. 3. саудалау хақы (келешекте сатып алу не сату хақы) ♦∼ (on smth) We have an option on the house. – Осы үйді саудалайтын хақымыз бар. ♦He has promised me first option on his car. – Ол машинасын сататын болса, бірінші маған ұсынуға уәде етті. ♦∼ (to do smth) The property is for rent with an option to buy at any time. – Бұл үй-жай кез-келген уақытта сатып алу хақымен бірге арендаға беріледі. ♦share options – компания акцияларын сатып алу хақы 4. (computing) таңдау, опция ♦Choose the ‘Cut’ option from the Edit menu. – «Редакциялау» менюінен «Қиды» таңда. 5. (idm) *keep/leave your options open [қ-з: open (A15)] *the soft/easy option (often disapproving) «ауырдың үсті, жеңілдің асты», істің жеңілі/ оңайы ♦He decided to take the easy option and give them what they wanted. – Ол бас қатырмай, олар сұрағандардың бәрін бергенді жөн көрді. ♦We'll have to make some tough decisions - there are no easy options. – Қиын шешімдер жасауымыз керек – оңай жолы жоқ. ♦Some people think that studying languages instead of sciences is a soft option. – Кейбіреулер жаратылыстану пәндерінің орнына тіл оқыған жеңіл болады деп ойлайды. B.v ∼ smth пайдалану хақын сатып алу не сату, опциялау ♦The novel has been optioned for the screen by his production company. – Романды оның продюсерлік компаниясы кинофильм түсіруге сатып алды. ♦We've optioned all her books, including future ones. – Оның барлық кітабын, болашақта шығатындарын да, опцияладық. ♦This is his first script to be optioned by a film company. – Фильм компаниясы сатып алған бұл оның алғашқы кітабы.