order [ ˈɔːdə(r)] A.n 1.рет, кезек, жөн, тәртіп, орын ♦The names are listed in alphabetical order. – Аты-жөндер/ Есімдер алфавиттік рет бойынша тізілген. ♦in chronological/numerical order – хронологиялық/ сандық рет ♦arranged in order of priority/importance/size – маңызы/ көлемі бойынша реттелген ♦The results, ranked in descending/ascending order, are as follows: - Нәтижелер төмендеу/ жоғарылау реті бойынша берілген және олар келесідей: ♦All the procedures must be done in the correct order. – Барлық процедуралар арнайы тәртіпке сай істелінуі тиіс. ♦Let's take the problems in a different order. – Проблемаларға басқа(ша) қырдан қаралық. 2.тәртіп, рет, жөн (opp: disorder) ♦It was time she put her life in order. – Ол оның өз өмірін ретке келтіретін уақыт еді. ♦The house had been kept in good order. – Үй жақсы күтіліпті/ Үйді жақсы күтіп ұстаған екен. ♦Get your ideas into some sort of order before beginning to write. – Жазбас бұрын ойларыңды жинақтап ал(ғын). ♦It is one of the functions of art to bring order out of chaos. – Өнердің міндеттерінің бірі – астаң-кесте дүниені ретке келтіру. 3.тәртіп (заңға, ережеге бағынушылық) ♦The army has been sent in to maintain order in the capital. – Армияны астанадағы тәртіпті сақтау/ қамдау үшін жіберді. ♦Some teachers find it difficult to keep their classes in order. – Кейбір мұғалімдер үшін кластарында/ сыныптарында тәртіп орнату қиын. ♦The police are trying to restore public order. – Полиция қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге тырысуда. ♦The argument continued until the chairman called them both to order. – Айтыс олардың екеуін де төраға тәртіпке шақырғанша жалғасты. 4.бұйрық, нұсқау ♦∼ (for smb/smth to do smth) He gave orders for the work to be started. – Ол жұмысты бастасын деп бұйырды. ♦∼ (to do smth) The general gave the order to advance. – Генерал алға жылжуға бұйрық берді. ♦I'm under orders not to let anyone in. – Ешкім ішке енбесін деп маған бұйырған. ♦She takes orders only from the president. – Ол тек президентті ғана тыңдайды. ♦Dogs can be trained to obey orders. – Иттерді тіл алуға үйретуге болады. ♦ (informal) No sugar for me - doctor's orders. – Маған қант салма(ңыз) – дәрігер солай айтқан. ♦Interest rates can be controlled by order of the central bank. – Проценттік ставкалар орталық банктің нұсқауымен қадағалануы мүмкін. 5. ∼ (for smth) заказ, тапсырыс, сұрату ♦I would like to place an order for ten copies of this book. – Осы кітаптың он данасына заказ бергім келеді/ он данасын сұратқым келеді. ♦an order form – заказ формасы/ қағазы ♦The machine parts are still on order. – (Заказ берілген) машинаның қосалқы бөлшектері әлі келген жоқ. ♦These items can be made to order. – Бұл заттарды заказбен істетсе болады/ Бұл заттарды айтып істетуге болады. ♦The stationery order has arrived. – Заказдалған/ Сұратқан кеңсе заттары келді. 6. (ресторан, бардағы) заказ, өтініш, тапсырыс, сұрату ♦May I take your order? – Заказыңызды алайын ба? ♦Last orders at the bar now please! – Бар жабылады, соңғы заказ! ♦an order for steak and fries – стейк пен фрайзға заказ/ стейк пен фрайз(ды) сұрату ♦a side order – қосымша тағамдарға заказ 7.банк тапсырмасы (платежное поручение), банк чегі ♦You can cash the order at any post office. – Чекті кез-келген пошта бөлімшесінде нақ ақшаға айналдыра аласыз. 8. (formal) (қоғамдағы) жүйе, тәртіп, рет, дәстүр ♦a change in the political and social order – саяси және әлеуметтік жүйедегі өзгеріс ♦the natural order of things – нәрселердің табиғи реті ♦He was seen as a threat to the established order. – Оны орныққан қоғамдық тәртіпке қатер деп таныды. ♦A new order seems to be emerging. – Жаңа жүйе қалыптасып келе жатқандай. ♦The old order in Europe saw rapid change in the late 1980s. – Европадағы ескі жүйе 1980 жылдардың соңында күрт өзгерді. 9. (disapproving or humorous) әлеуметтік тап ♦the lower orders – төменгі таптар 10.отряд (аңдардың, өсімдіктердің жақындық жағынан топтастырылуы, класс(ификация) пен семьяның арасы) ♦the order of primates – приматтар отряды 11.тариқат, орден (діни ағым) ♦religious orders – тариқаттар/ діни ордендер ♦the Benedictine order – Бенедикт ордені 12.орден (король, королева, президент, тсс арнайы атақ берген адамдар тобы) ♦The Order of the Garter is an ancient order of chivalry. – Гартер (дамбал бау) ордені – ежелгі рыцарлық/ баһадүрлік орден. 13.орден (арнайы атақ алған адам тағатын төсбелгі я таспа) 14.орден, құпия қоғам/ топ ♦the Ancient Order of Druids – Ежелгі друидтер ордені 15. (idm) *a/the pecking order (informal, often humorous) иерархия, сап, тізбек (syn: hierarchy) ♦New Zealand is at the top of the pecking order of rugby nations. – Жаңа Зеландия регби ойнайтын елдердің арасында бірінші орында тұр. ♦to be first in the pecking order – сапта/ тізімде бірінші болу *be in/take (holy) orders дін қызметкері/ священник болу *be a tall order (informal) істеуге қиын болу *call smb/smth to order жұртты тәртіпке шақыру, тынышталуын сұрау *get your marching orders (informal) біреуден кет деген бұйрық алу *give smb their marching orders (informal) біреуге кет деп бұйыру *in order a) (ресми құжат/ документ ж) жарамды болу, күшінде болу (syn: valid) ♦Is your work permit in order? – Жұмыс істеуге рұқсат қағазың(ыз) жарамды ма? b) (formal) ойдағыдай, әдеттегідей, қалыпты ♦Is everything in order, sir? – Бәрі дұрыс па, сэр? c) орынды, дұрыс ♦I think a drink would be in order. – Аздап ішсе ештеңе болмас деп ойлаймын. *in order (to do smth) (formal) белгілі бір тәртіпке сай рұқсат етілген ♦Is it in order to speak now? – Енді сөйлейтін кез келді ме?/ Енді сөйлесе бола ма? *in order that (formal) сөйткенде бірнәрсе болады, өйту үшін бүйту керек дег мағ ♦All those concerned must work together in order that agreement can be reached on this issue. – Мүдделі адамдардың бәрі бірлесіп жұмыс істеулері тиіс, сонда осы мәселе бойынша келісімге келуге болады. *in order to do smth бірнәрсе істеу үшін ♦She arrived early in order to get a good seat. – Жақсы орын алу үшін ол ерте келді. ♦In order to get a complete picture, further information is needed. – Мәселені толық түсіну үшін тағы информация керек. *in running/working order (жабдық, машина ж) жақсы істейтін/ істеп жатқан ♦The engine is now in perfect working order. – Мотор енді мінсіз істейді/ істеуде. *in short order тез әрі ың-шыңсыз *law and order заң мен тәртіп, тәртіп, заң үстемдігі ♦The government struggled to maintain law and order. – Үкімет елдегі тәртіпті сақтамақ/ қамдамақ болып арпалысты. ♦After the riots, the military was brought in to restore law and order. – Тәртіпсіздіктерден соң тәртіпті қалпына келтіру үшін әскер(ді) алып келді. ♦They claim to be the party of law and order. – Олар заң мен тәртіптің партиясымыз дейді. *of a high order, of the highest/first order (ең) жоғарғы деңгейдегі не сападағы, нағыз ♦The job requires diplomatic skills of a high order. – Бұл жұмысқа нағыз дипломатиялық еп керек. ♦She was a snob of the first order. – Ол барып тұрған кердең/ сылаң болатын. *of/in the order of smth (BrE) (NAmE on the order of) (formal) шамамен, шамалап, шамалай, жуықтай (алғанда) ♦She earns something in the order of £80 000 a year. – Ол шамамен жылына £80 000 табады. *the order of the day a) белгілі бір кезге не жағдайға лайықты, орынды болу ♦Casual clothes are the order of the day. – Жеңіл-желпі киімдерді қазір жұрт көп киюде. b) белгілі бір кезең үшін қалыпты нәрсе болу ♦Sexual explicitness is the order of the day. – Көпе-көрнеу сексшеңділікке қазір ешкім таңғалмайды. *Order! Order! Тәртіп сақталық! *out of order a) бұзық, бұзылып қалған, дұрыс жұмыс істемейтін, сынық ♦The phone is out of order. – Телефон істемей қалды. b) ретсіз, дұрыс реттелмеген ♦I checked the files and some of the papers were out of order. – Файлдерді тексергенмін, кейбір қағаздар орнына дұрыс қойылмаған. c) (BrE) (NAmE out of line) (informal) жөнсіз, дұрыс емес ♦You were well out of order taking it without asking. – Бұны сұраусыз алғаның дұрыс болмапты. d) (formal) қалыптасқан тәртіпке сай емес ♦His objection was ruled out of order. – Оның қарсылығын тәртіпке сай емес деп қарамады. *put/set your (own) house in order өз ісін, өзін жөнге салу *under starter’s orders (жүгіруші, бәйгеші ж) сайысты бастайтын белгіні күткен, стартты күткен B.v 1.бұйыру, бұйрық беру, тапсырма беру, тапсыру, үкім шығару, нұсқау ♦∼ smb to do smth The company was ordered to pay compensation to its former employees. – Компанияға өзінің бұрынғы қызметкерлеріне өтемақы төлеуге бұйрық берілді. ♦The officer ordered them to fire. – Офицер оларға атуға/ ат деп бұйрық берді. ♦∼ smb They were ordered out of the class for fighting. – Төбелескені үшін оларды кластан шығарып жіберді. ♦∼ smth The government has ordered an investigation into the accident. – Үкімет оқиғаны тексеруді тапсырды/ тексеруге тапсырма берді. ♦The judge ordered a retrial. – Судья істі қайта қарау жөнінде үкім шығарды. ♦∼ that… They ordered that for every tree cut down two more be planted. – Олар кесілген әр ағаш үшін екі ағаш отырғызылсын деп нұсқау берді. ♦(BrE also) They ordered that for every tree cut down two more should be planted. – Олар кесілген әр ағаш үшін екі ағаш отырғызылсын деп нұсқау берді. ♦∼ (smb) ‘Sit down and be quiet,’ she ordered. – «Тыныш отыр» деп бұйырды ол. 2.заказ беру, тапсырыс беру, заказдау, сұрату ♦∼ smth (from smb) These boots can be ordered direct from the manufacturer. – Бұл аяқ киімдерге тікелей өндірушіге заказ берсе болады/ Бұл аяқ киімдерді тікелей өндірушіден сұратса болады. ♦∼ smb smth Shall I order you a taxi? – Саған/ Сізге такси шақырайын ба? ♦∼ smth for smb Shall I order a taxi for you? – Саған/ Сізге такси шақырайын ба? 3. (ресторанда, тсс тамаққа тсс) заказ беру, сұрату ♦∼ (smth) I ordered a beer and a sandwich. – Мен сыра мен сәндуичке заказ бердім/ сыра мен сәндуич сұрадым. ♦Have you ordered yet? – Заказ бердің бе? ♦∼ smb/yourself smth He ordered himself a double whisky. – Ол өзіне дабл виски сұрады. ♦∼ (smth) (for smb) Will you order for me while I make a phone call? – Мен телефонмен сөйлескенше маған заказ бере саласың ба?4. ∼ smth (formal) реттеу, жинақтау, ретке келтіру, ойластыру ♦I need time to order my thoughts. – Ойымды жиюыма уақыт керек. 5. (idm) *just what the doctor ordered (humorous) дәл керегі я қажеті осы (еді) 6. (phr v) *order smb about/around (disapproving) бұйырып, нұсқап маза бермеу ♦It was obvious he was used to ordering people around. – Оның төңірегіндегілерге нұсқап үйренгені көрініп тұрды.