organic [ɔːˈɡænɪk] adj 1.органикалық, органик (жасанды химикаттарсыз өндіретін я өндірілген) ♦organic cheese/vegetables/wine – органик(алық) сыр (ірімшік)/ көкөніс/ шарап ♦an organic farmer/gardener – органик фермер/ бағбан ♦organic farming/horticulture – органик шаруа қожалығы/ бағбаншылық ♦The farm went fully organic in 1996. – Ферма 1996 жылы толығымен органик(алық) өндіріске көшті. 2.органик(алық) (жасанды химикаттарсыз) (opp: inorganic) ♦Improve the soil by adding organic matter. – Топырақты органик(алық) заттармен тыңайту. ♦organic compounds – органик(алық) түзілімдер 3. (specialist) дене органы(на)/ мүшесі(не қатысты) ♦organic disease – дене мүшесінің ауруы 4. (formal) (өзара) үйлескен, үйлесімді, байланысқан, кіріккен, органикалық ♦the view of society as an organic whole – қоғамды өзара үйлескен біртұтас (нәрсе) деп ұғу/ қоғамға біртұтас организм ретінде қарау ♦an organic relationship between the individual and his community – жеке адам мен оның қауымы арасындағы органикалық байланыс/ жеке адам мен оның қауымы арасындағы өзара үйлесім ♦They believe in the organic unity of the universe. – Олар ғалам өзара үйлесе тұтасқан деп ұғады/ Олар ғалам органикалық тұтас (нәрсе) деп ұғады. 5. (formal) табиғи, өз ретімен болып жатқан ♦the organic growth of foreign markets – шетелдік рыноктардың табиғи өрістеуі/ ұлғаюы