organization [ˌɔːɡənaɪˈzeɪʃn] n (BrE also -sation) 1.ұйым, организация ♦to work for a business/political/voluntary organization – іскерлік/ саяси ұйымға/ еріктілер ұйымына жұмыс істеу ♦the World Health Organization – Дүниежүзілік денсаулық ұйымы ♦He's the president of a large international organization. – Ол – ірі халықаралық ұйымның президенті. 2.ұйымдастыру(шылық), жоспарлау, пысықтау, ойластыру (syn: planning) ♦I leave most of the organization of these conferences to my assistant. – Осы конференцияларды ұйымдастыру ісінің денін көмекшіме табыстаймын. ♦A wedding on that scale takes a lot of organization. – Ондай үйлену тойын жасау үшін көп жүгіру керек/ Ондай үйлену тойын жасаудың машақаты көп.