original [əˈrɪdʒənl] A.adj 1.бастапқы, басындағы, алғашқы, алдыңғы, алдындағы, басқы, түпкі(лікті), әуелдегі, әуелгі ♦The room still has many of its original features. – Бұл бөлме әлі өзінің көптеген әуелгі келбетін сақтаған. ♦I think you should go back to your original plan. – Сенің/ Сіздің өзіңнің/ өзіңіздің бастапқы жоспарың(ызғ)а оралғаның(ыз) жөн деп ойлаймын. ♦At the end of the lease, the land will be returned to the original owner. – Жал(дау)/ Аренда мерзімі біткеннен соң жер өзінің түпкілікті қожайынына қайтарылады. ♦The original intention was to record about 80 speakers. – Алғашында сексен адамның әңгімесін жазып алмақ ниет болған. 2.тың, бірегей, ерекше, өзінше, жаңа, жаңашыл, соны ♦an original idea – тың идея/ ой ♦That's not a very original suggestion. – Ол пәлендей тың ұсыныс емес. ♦an original thinker – алғыр ойшыл ♦the product of a highly original mind – аса тапқыр ойдан туған өнім 3.оригинал, өзі, түпнұсқа ♦an original painting by a local artist – жергілікті бір суретші салған картинаның өзі ♦The original manuscript has been lost. – Оригинал/ Түпнұсқа қолжазба жоғалған. ♦Only original documents will be accepted as proof of status. – Документтердің/ Құжаттардың өзі ғана жарамды. B.n 1. оригинал, өзі, түпнұсқа ♦This painting is a copy; the original is in Madrid. – Бұл картина – копия(сы); оригиналы/ түпнұсқасы Мадридте. ♦Send out the photocopies and keep the original. – Фотокопияларын жібер дағы оригиналдарын өзіңде қалдыр. ♦At that price, you could have bought an original! – Ол бағаға оригиналын алар едің! ♦He copied paintings of famous artists and passed them off as originals. – Ол әйгілі суретшілердің картиналарын көшіріп, оларды оригинал деп сатқан. 2. (formal) оригинал, өзінше, ерекше, бірқызық, қызық (ерекше ойлайтын, жүріп-тұратын, киінетін адам) 3. (idm) *in the original кітап жазылған тілде, аудармасыз, оригиналын(да), түпнұсқасын ♦I studied Italian so that I would be able to read Dante in the original. – Итальянша оқығанмын, сондықтан Дантені аудармасыз оқи аламын. ♦to read Tolstoy in the original – Толстойды аудармасыз оқу