other [ˈʌðə(r)] adj, pron 1.басқа ♦Mr Harris and Mrs Bate and three other teachers were there. – Онда мистер Харрис пен миссиз Бейт және басқа үш мұғалім болды. ♦Are there any other questions? – Басқа сұрақтар бар ма? ♦I can't see you now - some other time, maybe. – Қазір сенімен/ сізбен жолығыса алмаймын – мүмкін басқа бір уақытта болар. ♦Two buildings were destroyed and many others damaged in the blast. – Жарлысы кезінде екі үй-жай жойылып, басқаларының көбісі зиян шекті. ♦This option is preferable to any other. – Басқа қайсысынан да осысы дұрыс. ♦Some designs are better than others. – Кейбір дизайндер басқаларынан жақсырақ. ♦He was the only other person in the apartment. – Басқа адамдардан пәтерде сол ғана болды. ♦There was a university party and various other things going on. – Онда университет сауық-кеші және түрлі басқа шаралар болып жатқан еді. ♦Dublin is very expensive compared to other major cities in Europe. – Басқа Европа қалаларына қарағанда Дублин өте қымбат. 2. the, my, your, etc. ∼ басқасы, екіншісі, тағы біреу(с)і ♦My other sister is a doctor. – Басқа әпкем/ қарындасым/ сіңлім – дәрігер. ♦One son went to live in Australia and the other one stayed at home. – Бір ұлы Австралияға қоныс аударды, екіншісі үйде қалды. ♦He raised one arm and then the other. – Ол бір қолын көтерді, сосын екіншісін. ♦You must ask one or other of your parents. – Ата-анаңның біреуінен не екіншісінен сұрауға тиіссің. ♦I'll wear my other shoes - these are dirty. – Басқа аяқ киімімді киемін; мынау - кір. ♦‘I like this one.’ ‘What about the other ones?’ – «Мынаны ұнатамын». «Басқалары(н) ше?» ♦I went swimming while the others played tennis. – Басқалар теннис ойнаған кезде суға шомылуға кеттім. 3. the ∼ ... басқа, кері, арғы ♦I work on the other side of town. – Кенттің арғы/ басқа шетінде жұмыс істеймін.♦He crashed into a car coming the other way. – Ол басқа жақтан келе жатқан машинамен соғысқан/ соқтығысқан. ♦He found me, not the other way round/around. – Мені ол тапты, керісінше емес. ♦He listened carefully to the voice on the other end of the line. – Желінің/ Линияның арғы жағындағы дауысқа ол мұқият құлақ түрді. 4. (idm) *the other day/morning/evening/week әнеу күні/ әнеу күні таңертең/ әнеу күні кешкісін/ ана аптада, жақында, жуырда ♦I saw Jack the other day. – Джәкті ана күні көргем(ін). ♦I was in your area the other week. – Ана аптада сендер жақта болдым. ♦I woke up the other morning and just could not get myself out of bed. – Әнеу (бір) күні таңертең оянып алып, диваннан тұра алмадым. ♦I was watching TV the other evening, when…- Ана күні кешкісін телевизор көріп жатқан кезімде... *other than a) басқа, одан басқа ♦I don't know any French people other than you. – Сенен/ Сізден басқа білетін французым жоқ. ♦We're going away in June but other than that I'll be here all summer. – Маусымда ғана саяхатқа кетеміз, басқа кезде жаз бойы осында боламын. b) (formal) басқа(ша), өзгеше ♦I have never known him to behave other than selfishly. – Оның сараңдығынан жазған/ айныған кезін көрген емеспін.