otherwise [ˈʌðəwaɪz] adv 1.әйтпесе, өйтпегенде, әйтпегенде, олай етпегенде, тсс ♦My parents lent me the money. Otherwise, I couldn't have afforded the trip. – Ата-анам маған ақша берді. Әйтпесе бара алмас едім. ♦Shut the window, otherwise it'll get too cold in here. – Терезені жапшы, әйтпесе мына жер суып кетеді. ♦We're committed to the project. We wouldn't be here otherwise. – Жобаға атсалысамыз. Әйтпесе бұнда келмес едік. ♦The project had given children opportunities they would never otherwise have had. – Бұл жоба балаларға басқалай кезікпейтін мүмкіндіктер сыйлады. 2.сол ғана болмаса, одан басқа, ал былай(ша алып қарағанда) ♦There was some music playing upstairs. Otherwise the house was silent. – Жоғарыда музыка ойнап жатты. Сол ғана болмаса,/ Ал былай үй тыныш еді. ♦He was slightly bruised but otherwise unhurt. – Оның үстінің сәл көгергені болмаса, жарақаттанбады. 3.немесе, не, басқалай атқанда ♦Bismarck, otherwise known as ‘the Iron Chancellor’ – «темір канцлер» деген атпен белгілі Бисмарк ♦It is not permitted to sell or otherwise distribute copies of past examination papers. – Өткен емтихан қағаздарын сатуға не копияларын таратуға тыйым салынады. ♦You know what this is about. Why pretend otherwise? – Бұның не туралы екені білесің ғой. Білмегенсудің жөні жоқ емес пе? ♦He maintains that he is innocent, but the police are looking for evidence and witnesses to prove otherwise. – Ол кінәм жоқ дейді, алайда полиция басқалай дәлелдеу үшін айғақтар мен куәлер іздеуде/ іздестіруде. ♦Even when common sense would suggest otherwise, optimism reigns. – Түйсік/ Ақыл-ой басқалай айтса да, оптимизм дес бермейді. ♦I wanted to see him but he was otherwise engaged. – Онымен жолыққым келген, қолы бос емес екен. ♦Unless otherwise stated, all translations in the text are my own. – Басқаша айтылмаса, текстегі аудармалардың бәрі менікі. 4. (idm) *know different/otherwise (informal) басқалай білу, істің мән-жайын білу, басқа қырынан/ жағынан білу ♦You'd think this was a high-budget film if you didn't know otherwise. – Расын/ Басқалай білмесең бұны қымбат фильм деп ойлап қалуың мүмкін. *or otherwise не(месе) басқаша/ керісінше ♦It was necessary to discover the truth or otherwise of these statements. – Осы айтылғандардың ақ-қарасын анықтау қажет еді. ♦We insure against all damage, accidental or otherwise. – Біз кездейсоқ не басқалай болған зиянның бәрінен сақтандырамыз. ♦We welcome any comments from viewers, favourable or otherwise. – Көрермендеріміздің жағымды да, сынай айтылған пікірлерін де хош көреміз. ♦The truth or otherwise of this diagnosis would be revealed in the future. – Осы диагноздың шын не басқалай екені келешекте белгілі болады.