out

out [aʊt] A. adv, prep 1. сыртқа, тысқа She ran out into the corridor. – Ол коридорға жүгіріп шықты. ♦She shook the bag and some coins fell out. – Ол сумкасын алған кезде, бірнеше тиын түсіп қалды. ♦ of smth I got out of bed. – Төсектен тұрдым. ♦He opened the box and out jumped a frog. – Ол жәшікті ашқан кезде, бір бақа секіріп түсті. ♦Out you go! – Тысқа шық(шы)! ♦(informal) He ran out the door. – Ол есіктен жүгіріп шықты. 2.тыста, сыртта, басқа жақта I called Liz but she was out. – Лизге телефон шалғанмын, бірақ орнында болмады. ♦Let's go out this evening. – Бүгін кешке бір жаққа барайық. ♦We haven't had a night out for weeks. of smth Mr Green is out of town this week. – Мистер Грин бұл жетіде қалада болмайды. ♦I got an out of office reply to my email. – Электронкама офисте жоқ кездегі автомат жауап келді. 3.тыста, сыртта, далада, көшеде It's cold out. – Тыста - суық. ♦There were children playing out in the street. – Көшеде балалар ойнап жүрді. 4.кетіргенді, алынғанды білд This detergent is good for getting stains out. – Бұл жуғыш нәрсе дақтарды кетіргенге жақсы. ♦We want this government out. – Үкіметтің кеткенін/ тайғанын қалаймыз. ♦ of smth He got thrown out of the restaurant. – Оны рестораннан шығарып жіберді. 5.тысқа, сыртқа The boy dashed out into the road. – Бала жолға жүгіріп шықты. ♦ of smth Don't lean out of the window. – Терезеден сыртқа қарай еңкейме. 6. ∼ of smth/smb бірнәрседен/ біреуден He drank his beer out of the bottle. – Ол сыраны шишаның/ бөтелкенің аузынан ішті. ♦a romance straight out of a fairy tale – ғажайып ертегідей басталған ғашықтық хикаясы ♦I paid for the damage out of my savings. – Зақым үшін жиған ақшамнан төледім. ♦We'll get the truth out of her. – Оған шындықты айтқызамыз/ Одан шындықты білетін боламыз. 7. of smth бірнәрседен жасалған a statue made out of bronze – қоладан құйылған мүсін 8. ∼ of smth бірнәрсе таусылған, біткен We're out of milk. – Сүтіміз бітті/ қалмады. ♦He's been out of work for six months. – Алты ай бойы ол жұмыссыз жүрді. ♦You're out of luck - she left ten minutes ago. – Жолың болмады – ол он минут бұрын кетіп қалған. 9. ∼ of smth аулақ, әрі, алыс, қашық Try and stay out of trouble. – Пәледен/ Пәле-жаладан аулақ жүруге тырыс. ♦I watched the car until it was out of sight. – Машина көрінбей кеткенше қарап тұрдым. 10. ∼ (of smth) шығып қалған, босаған, кеткен It was an awful job and I'm glad to be out of it. – Ол бір сұмдық жұмыс еді, шығып кеткенім дұрыс болды. ♦He gets out of the army in a few weeks. – Ол әскерден бірнеше аптада босайды. ♦They'll be out on bail in no time. – Ол жақын күндері абақтыдан/ түрмеден кепілге шығатын болады. ♦Brown goes on to the semi-finals but Lee is out. – Браун жарты(лай) финалған өткенімен, Ли (жарыстан) шығып қалды. 11. (of smth) белгілі бір санның, мөлшердің бір бөлігі You scored six out of ten. – Он ұпайдың алтысын алдың. ♦Two out of three people think the President should resign. – Жұрттың үштен екісі президенттің қызметінен кеткені дұрыс дейді. 12.анық әрі дауыстай to call/cry/shout out – дауыстай үндеу/ айқайлау/ сөйлеу Read it out loud. – Дауыстай оқығын/ -ңыз. ♦Nobody spoke out in his defence. – Оны қорғай ешкім сөйлемеді. 13. ∼ (of smth) қашықта, алыста She's working out in Australia. – Ол Австралияда жұмыс істеуде. ♦He lives right out in the country. – Ол ауылды аймақта тұрады. ♦The boats are all out at sea. – Кеменің бәрі де теңізде. ♦The ship sank ten miles out of Stockholm. – Кеме Стокгольмнен он миль жерде батты. 14.пайда болу, шығу; мәлім болу When does her new book come out? – Оның жаңа кітабы қашан шығады? ♦Word always gets out no matter how careful you are. – Қанша абай болсаң да, сөз бәрібір тарайды. ♦Out with it! – Айт, қанеки! 15. ∼ of smth белгілі бір себеппен/ ниетпен I asked out of curiosity. – Білгім келіп сұрадым. ♦She did it out of spite.Ол бұны әдейі/ ерегісе істеді. 16.кітапханада емес, біреу алған The book you wanted is out on loan. – Саған керек кітапты біреу оқуға алған. 17.теңіз суы қайтқан/ төмендеген кезде I like walking on the wet sand when the tide is out. – Су қайтқандағы дымқыл құммен жүргенді ұнатамын. 18.шығу, пайда болу (күннің, айдың, жұлдыздардың) 19.ашылған, жайқалған (гүл) There should be some snowdrops out by now. – Бәйшешектердің гүлдейтін кезі болды. 20.ойыннан, жарыстан шығып қалған If you have no more cards, you are out. The winner is the one with the most cards. – Картаң(ыз) қалмаса, ойыннан шыққаның(ыз). Кім көп карта жиса, сол жеңеді. 21. (теннисте, тб) аут, алаңнан шығып кеткен The umpire said the ball was out. – Төреші доп аутқа кетті деді. ♦The ball landed out. – Доп аутқа кетті/ шығып кетті. 22. ∼ (in smth) дәл емес, қате I was slightly out in my calculations. – Есептеуден сәл жаңылысыптым. ♦Your guess was a long way out. – Болжамың(ыз) мүлде дұрыс болмады. ♦The estimate was out by more than $100. – Есептегенде $100-дан артық қате кеткен. 23.мүмкін емес, рұхсат емес Swimming is out until the weather gets warmer. – Ауа-райы жылымай, суға түсуге болмайды. 24.сәнді емес, модадан шыққан Black is out this year. – Қара түс биыл сәннен/ модадан шыққан. 25. сөну, өшу, сөніп/ өшіп қалу Suddenly all the lights went out. – Кенет барлық шам өшіп қалды. ♦The fire had burnt itself out. – От жанып болған еді. 26.соңы, аяқталған, біткен It was summer and school was out. – Жаз еді, сондықтан мектеп жабық болды. ♦She was to regret her words before the day was out. – Күн аяқталғанша ол о сөздерді бекер айтқанын біліп өкінді/ Сол күн өтпей жатып ол о сөздерді бекер айтқанын біліп сан соқты. 27. ессіз, есін білмеген, ес-түссіз He was out for more than an hour and came round in the hospital. – Ол бір сағаттан аса ес-түссіз жатып, есін емханада бір-ақ жиды. ♦She was knocked out cold. – Ол сұлап түсті. 28. (BrE, informal) ереуілге шығу, ереуілде болу The dockers stayed out for several months. – Док жұмысшылары бірнеше ай ереуілде болды. 29.соңына дейін, ақырына дейін; мүлде, толығымен Hear me out before you say anything. – Сөйлемес бұрын мені аяғына дейін тыңдап ал. ♦We left them to fight it out. – Аяғына дейін өзара ұғыссын деп оларды жайына қалдырдық. 30. (idm) *be out for smth/to do smth бірнәрсе істеуге я бірнәрсеге жетуге ұмтылу I'm not out for revenge. – Өш алайын деп жүргемін жоқ. She's out for what she can get. – Ол өзі үшін бірдеңе істемек болып жүр. The company is out to capture the Canadian market. – Компания Канада рыногына енбекші. *in and out (of smth) біресе былай, біресе олай, бірде іште, бірде сыртта He was in and out of jail for most of his life. – Ол ғұмырының көп бөлігін(де) түрмеге отырып-шығып жүрді. *out and about a) сырқатынан айығып, тысқа шыға алу b) ел/ жер аралауWe've been out and about talking to people all over the country. – Елдің түкпір-түкпірінде болып, жұртпен сөйлестік. *out of here (informal) бара жатқан, кетіп бара жатқан As soon as I get my money I'm out of here! – Ақшамды алған бетте, бұл жерден таямын! *out of it (informal) a) жатырқау, бөтенсу We've only just moved here so we feel a little out of it. – Бұл жаққа жақында ғана келгендігімізден, әлі тосырқаймыз. b) мәңгірген, не болып жатқанын ұқпаған He looks completely out of it. – Ол мүлде мәңгіріп тұр. B.n 1. жалтаратын/ қашатын жол/ амал ♦She was desperately looking for an out. – Ол жанұшыра жалтаратын амал іздеді. 2. (idm) *the ins and outs (of smth) қыр-сыры, жай-жапсары, мән-жайы the ins and outs of the problem – мәселенің мән-жайы/ жай-жапсары ♦He quickly learned the ins and outs of the job. – Ол жұмыстың қыр-сырын тез үйренді. C.adj (informal) өзінің гомосексуалист не лезбиан екенін айту an out gay man – өзінің гей екенін ашық айтқан ер адам ♦I had been out since I was 17. – Он жеті жасымнан ашық гей болдым. D.v 1. smb біреудің гомосексуалист не лезбиан екенін айту He is the latest politician to be outed by gay activists. – Ол жақында ғана гей активистер/ белсенділер әшкере/ жария еткен саясатшы. ♦Several politicians have been outed in recent months. – Өткен айларда бірнеше саясаткердің гей екені белгілі болды. 2. smb/smth (as smth) біреу/ бірн-е жайлы бір жайсыз мәлімет жария ету, әшкере ету The man who claimed to have found the diaries has been outed as a fraud. – Күнделіктерді таптым деген адамның өтірігі ашылды/ әшкереленді. ♦Their motives were outed as purely financial. – Олар тек пайда қуып жүр деді.

out- [aʊt] prefix 1. (етістіктерде) үлкенірек, жақсырақ, алысырақ, ұзынырақ, тсс outnumber – (сан жағынан) асып түсу/ көбірек ету ♦outwit – (ақылы жағынан) асып түсу/ ақылдырақ болу ♦outgrow – (біреуден/ бірн-ден) өсімі асып кету/ көбірек өсу ♦outlive – (біреуден) ұзақ/ ұзағырақ жасау 2. (зат есімдер мен сын есімдерде) тыс жақ; тысқа қараған; сыртты, алыста outbuildings – (үйдің жанына салынған) қора-қопсы, шағын тамдар ♦outpatient – амбулаториялық науқас, келіп жүріп емделетін науқас ♦outlying – алыстағы, шалғайдағы ♦outgoing – сыртқа кетіп жатқан/ бағытталған