outcast [ˈaʊtkɑːst] A.adj (қоғам не білгілі бір топ) шеттеткен (адам), аластатылған, аластаған, шеттеген, өгейсіткен, өгейсіген, өгейсіреген, жатырқаған, жатырқатқан, бөтенсіткен, бөтенсіген ♦He had been made to feel socially outcast. – Оны иықтап, жұрттан өгейсіреген күйге түсірді/ Оны шетқақпай етіп, бөтен сезіндірді. ♦∼ from/by smb/smth These women found themselves outcast from society. – Бұл әйелдер жұрттың өздерін өгейсіреткенін (бір-ақ) білді/ өздерінің жұрттан шеттеп қалғанын білді/ өздерін жұрттың жатырқайтынын бір-ақ білді/ өздеріне жұрттың сырт көзбен қарайтынын/ өздерін жұрттың бөтенсітетінін білді. B.n [қ-з: outcast (A)] ♦People with the disease were often treated as social outcasts. – Бұндай аурулары бар адамдарды жұрт көбінесе өгейсітеді/ жатырқайды. ♦Her criminal past made her an outcast. – Бұрын қылмысқа үйір болуы оны жұртқа өгей/ бөтен етті. ♦∼ from smth an outcast from society – қоғамның өгейі/ жұрт бөтенсіткен адам/ жұртқа бөтен болған адам