outcome [ˈaʊtkʌm] n нәтиже, салдар, әсер ♦The likely outcome is a compromise. – Бір мәмілеге/ компромиске келетін сияқты/ Бір мәміле/ компромис болатын исяқты. ♦Their strategy produced the desired outcome. – Олардың стратегиясы көздеген жерден шықты/ ойлаған нәтижеге қол жеткізді. ♦We are confident of a positive outcome. – Оң нәтиже шығады деп сенеміз. ♦a favourable/successful outcome – оң/ табысты нәтиже ♦We await the outcome of the election. – Сайлаудың қорытындысын күтеміз. ♦It is difficult to predict the final outcome. – Ең ақыры не болатынын болжау қиын. ♦to influence/decide/determine the outcome – нәтижеге әсер ету/ нәтиженің қандай болатынын шешу/ анықтау ♦Four possible outcomes have been identified. – ықтимал төрт нәтиже анықталды. ♦patient/clinical/treatment/health outcomes – ем(деу) нәтижелері/ клиникалық (емдеп-күту) нәтижелер/ емдеу нәтижелері/ денсаулық сақтау нәтижелері ♦regardless of the ∼ These costs are payable regardless of the outcome of the case. – Іс немен бітсе де шығындар төленуі керек. ♦pending the ∼ (formal) He has been suspended from his post pending the outcome of a police investigation. – Полиция тергеуінің нәтижелерін күтіп/ күткендіктен, оның қызметін тоқтатып қойды.