outdo [ˌaʊtˈduː] v (pt outdid [ˌaʊtˈdɪd], pp outdone [ˌaʊtˈdʌn]) ∼ smb/smth (біреуден) артып түсу, асып кету (syn: beat) ♦Sometimes small firms can outdo big business when it comes to customer care. – Клиенттерге/ тұтынушыларға көңіл бөлгенде кейде шағын фирмалар ірі компаниялардан асып түседі. ♦Not to be outdone, she tried again. – Есе жіберіп алмайын/ Ешкімді оздырмайын деп ол тағы талпынды. ♦The brothers tried to outdo each other in everything. – Бауырлар неде/ не нәрседе болсын бір-бірінен асып түсуге тырысты.