outer [ˈaʊtə(r)] adj 1.сыртқы, сырт, тысқы (syn: external) ♦the outer layers of the skin – терінің сыртқы/тысқы қабаттары/ қабықтары ♦While the chassis is made of steel, the outer shell is plastic. – Шасси болаттан жасалғанымен, сыртқы қабығы/ қабаты - пластик. ♦The attackers began to enter through the outer walls. – Шабуылшылар сыртқы дуалдар/ қабырғалар арқылы кіре бастады. ♦The stair winds up between the inner and outer walls of the house. – Баспалдақ үйдің ішкі және сыртқы қабырғалары арасында бұралаңдайды. 2.шеткі, шеткері, шеткергі, сыртқы, тысқы, тысқары (opp: inner) ♦I walked along the outer edge of the track. – Жолдың шетімен жүріп отырдым. ♦ the outer suburbs of the city – қаланың тысқары маңы ♦Outer London/Mongolia – сыртқы Лондон/ Моңғолия ♦(figurative) to explore the outer limits of human experience – адам шамасының ақтық шегін зерттеу