outgoing adj 1. [ ˌaʊtˈɡəʊɪŋ] көпшіл, бауырмал, үйірсек, адамға үйір, жұғымды, араласқыш (syn: sociable) ♦an outgoing personality – көпшіл/ бауырмал адам ♦She was always cheerful and outgoing. – Ол ылғи да ақжарқын әрі үйірсек/ бауырмал еді. ♦I’ve become more confident and outgoing. – Батылырақ әрі көпшіл бола түстім. 2. [ˈaʊtɡəʊɪŋ] (қызметінен) кететін/ кетіп бара жатқан (opp: incoming) ♦the outgoing president/government – кететін президент/ үкімет 3. [ˈaʊtɡəʊɪŋ] (бір жерден) кететін/ кетіп бара жатқан, шығатын, қайтатын (opp: incoming) ♦This telephone should be used for outgoing calls. – Бұл телефонды тысқа шалғанға қолдану керек. ♦outgoing flights/passengers – ұшатын рейстер/ жолаушылар ♦the outgoing tide – қайтып жатқан су