outline [ˈaʊtlaɪn] A.v 1.жалпы сипаттау/ кескіндеу/ суреттеу/ түсіндіру (syn: sketch) ♦∼ smth He outlined his plan to leave St. Petersburg. – Ол өзінің Санкт-Петербургтен кету жоспарын жалпылай айтып берді. ♦The briefing document outlined her family history and background. – Қысқа түсініктеме оның отбасылық тарихы мен шыққан тегі жайлы баяндады. ♦The cause of the crash is clearly outlined in the report. – Апаттың себебі есепте нақты баяндалған. ♦∼ smth to smb We outlined our proposals to the committee. – Ұсыныстарымызды комитетке таныстырдық. ♦∼ what, how, etc… Let me outline what I have in mind. – Ойымда не бар екенін айтып өтейін. ♦∼ smth For the reasons outlined above, unemployment is likely to remain high. – Жоғарыда айтылған себептерге байланысты, жұмыссыздық деңгейі жоғары болып қалатынға ұқсайды. ♦The Government is expected to outline its strategy at talks today. – Бүгінгі талқылауларда үкімет өзінің стратегиясымен таныстырады дейді. 2.сұлбасы, кескіні көріну ♦∼d against smth They saw the huge building outlined against the sky. – Олар аспан аясында сұлбаланған/ кескінделген ірі ғимаратты көрді. B.n 1.жалпы сипаттама/ түсіндірме/ кескіндеме ♦∼ of smth This is a brief outline of the events. – Оқиғалардың қысқаша суреттемесі осы. ♦The broad outlines of Marley's life are relatively well known. – Марлидің жалпы өмірбаяны кеңінен мәлім. ♦You should draw up a plan or outline for the essay. – Эссенің/ Әңгіменің жоспарын не нобайын түзу керек. ♦You need a written outline of the story. – Әңгіменің жалпы желісін жазып шығу керек. ♦in ∼ The book describes in outline the main findings of the research. – Кітап зерттеудегі негізгі жаңалықтарды айтады. ♦an outline agreement/proposal/plan – келісімшарттың/ ұсыныстың/ жоспардың үлгісі 2.кескін, пішін, нобай ♦∼ of smth At last we could see the dim outline of an island. – Ақыры біз аралдың бұлыңғыр кескінін көре алдық. ♦I traced the outline of his face with my finger. – Оның бет-жүзін қолыммен ұстап көрдім. ♦an outline map/sketch – контурлы карта/ кескіндеме ♦in ∼ She drew the figures in outline. – Ол сұлбаларды кескіндеді. ♦All four islands are more or less oval in outline. – Төрт арал да жалпы сопақ келген.