output [ˈaʊtpʊt] A.n 1. (өндірілетін) өнім, өндіріс ♦Manufacturing output has increased by 8 per cent. – Өндіріс 8 процентке артты. 2.(computing) (компьютер шығарған я көрсеткен) информация, дерек ♦data output – дерек/ мәлімет шығару/ көрсету ♦an output device – шығару құрылғысы/ құралы (м.: монитор, проектор, принтер, тсс) 3.қуат, энергия ♦an output of 100 watts – 100 ватт энергия ♦The maximum output of the amplifier is 35 watts. – Күшейткіштің ең көп шамасы – 35 ватт. 4. (энергияның, информацияның, тб жүйеден шығатын жері/ тұсы) ұя, көз, шығар тесік/ ойық, розетка, тсс ♦Connect a cable to the output. – Кабелді розеткаға қос. B.v (pt, pp outputted [ˈaʊtpʊtɪd]) (computing) ∼ smth информация/ дерек жеткізу не шығару ♦Computers can now output data much more quickly. – Компьютерлер енді мәліметті әлдеқайда тез шығарады.