outrage [ˈaʊtreɪdʒ] A.n 1.ашу-ыза, ыза, ашыныс, ашыну, күйініс, күйіну ♦The judge's remarks caused public outrage. – Судьяның сөздері жұртты ашындырды/ жұрттың ашу-ызасын келтірді. ♦She was filled with a strong sense of moral outrage. – Оның санасын ашу-ыза кернеді/ бойын күйініш биледі. ♦Environmentalists have expressed outrage at the ruling. – Шешімге экологтар ашынатынын білдірді. 2. зұлымдық, жауыздық, қатыгездік (syn: atrocity) ♦No one has yet claimed responsibility for this latest terrorist outrage. – Кейінгі/ Соңғы қатігез террор акті/ әрекеті үшін ешкім әлі жауапкершілік алмады. B.v ∼ smb ашу-ызасын келтіру, ызаландыру, ашындыру, күйіндіру ♦He was outraged at the way he had been treated. – Өзін елемегеніне/ құрметтемегеніне оның жыны келді. ♦I am morally outraged by their actions. – Олардың қылықтарына/ әрекетіне қатты ашынудамын. ♦The killings have outraged the entire community. – Кісі өлтірулер бүткіл қауымның ашу-ызасын келтірді.