outside A.adv [ˌaʊtˈsaɪd] тыста, сыртта, - қа ♦I'm seeing a patient - please wait outside. – Мен науқасты/ пациентті қарап жатырмын – тыста күте тұрғын/ тұрыңыз. ♦I stood outside in the corridor, looking through the window. – Коридордың сыртында, терезеден қарап тұрдым. ♦The house is painted green outside. – Үй сыртынан жасылмен әктелген. ♦It's warm enough to eat outside. – (Күн) біршама жылы, тыста (ас) ішсе болады. ♦Go outside and see if it's raining. – Тысқа барып, жауын бар ма, көріп келші. ♦The heat hits you as soon as you step outside. – Тысқа шыққан бойда ыстық ұрады. (opp: inside) B.prep [ˌaʊtˈsaɪd] (also outside of especially NAmE) 1. тыста, сыртта, - қа (opp: inside) ♦You can park your car outside our house. – Машинаңды үйіміздің сыртына қойсаң болады. 2. тыста, сыртта, шетте, алыста ♦It's the biggest theme park outside the United States. – Бұл – Құрама Штаттардың сыртындағы ең ірі ойын-сауық паркі. ♦We live in a small village just outside Leeds. – Біз Лидстің түбіндегі/ дәп сыртындағы шағын ауылда тұрамыз. 3.тыс, қамтымаған (opp: within) ♦The matter is outside my area of responsibility. – Бұл мәселе менің жауапкершілігімнен тыс жатыр. ♦You may do as you wish outside working hours. – Жұмыстан тыс уақытта не істесең де өзің білесің. 4.белгілі уақыттан тыс/ артық ♦The winning time was just nine seconds outside the world record. – Жеңімпаз уақыты әлем рекордынан тоғыз-ақ секунд артық болды. 5. ∼ of одан/ бұдан басқа ♦There was nothing they could do, outside of hoping things would get better. – Жағдай жақсарар деп үміттенгеннен басқа оларда лаж болмады. C.n [ˌaʊtˈsaɪd] (usually the outside) 1.тыс, сырт, тыс(қы) жақ, сырт(қы) жақ (syn: exterior) ♦The outside of the house needs painting. – Үйдің сыртын әктеу керек. ♦He flicked the ball into the top of the net with the outside of his left foot. – Сол аяғының сыртымен ол допты тордың үстіңгі жағына бүлк еткізді. ♦from the ∼ You can't open the door from the outside. – Есікті сыртынан аша алмайсың. ♦on the ∼ Meat and poultry cooked on a grill often browns very fast on the outside. – Отқа қақталатын ет пен тауықтың сырты тез қоңыр тартады. ♦Cook until crispy on the outside and cooked through. – Сырты күртілдек болып толығымен піскенше пісір. 2.тыс, сырт (үйдің) ♦I walked around the outside of the building. – Үйдің сыртында жүрдім. ♦from the ∼ I didn't go into the temple - I only saw it from the outside. – Ғибадатхананың ішіне кірмедім – тек сыртынан көрдім. 3.жолдың орта тұсы ♦on the ∼ Always overtake on the outside. – Ылғи жолдың орта жағынан оз. 4.сырт, сырт жақ (жол бұрылысының/ бұрылмасының ұзақ жағы) (opp: inside) 5. (idm) *at the outside ең көп дегенде, максимум ♦There was room for 20 people at the outside. – Тыста ең көп дегенде жиырма адамға ғана орын болды. *on the outside a)сырттай, сырт қарағанда ♦On the outside she seems calm, but I know she's worried. – Сырттай сабырлы көрінгенімен, оның қобалжып тұрғанын білемін. b) абақтыда/ түрмеде емес ♦Life on the outside took some getting used to again. – (Түрмеден) тыстағы өмірге біраз үйренуге тура келді. D.adj [ˈaʊtsaɪd] 1.сырттағы, сыртқы, тысқы, тыстағы (syn: external) ♦The outside walls are damp. – Сыртқы қабырғалар/ дуалдар нәм тартыпты/ бойына ылғал сіңіріпті. ♦Potted flowers lined the outside edges of the steps. – Басқыштардың тыс жағын ыдысқа отырғызылған гүлдер жиектепті. ♦At 35,000 feet the outside air temperature is about 55 degrees below zero. – 35 мың фут биік(тік)те тысқы ауа температурасы минус 55 градус. 2.тысқы, сырттағы (syn: external) ♦an outside toilet – тыстағы туалет ♦You have to pay to make outside calls. – Тысқа телефон шалу үшін төлеуіңіз керек. ♦I can't get an outside line. – Сыртқа телефон шалатын желіні ала алмай отырмын. 3.сырттан, сыртқы, дербес, тәуелсіз (белгілі бір ұйымға, топқа, тсс қатысы жоқ) ♦We plan to use an outside firm of consultants. – Басқа жақтан/ Дербес консультанттар фирмасының қызметін пайдаланбақпыз. ♦She has a lot of outside interests. – Оның өз жұмысына қатысы жоқ қызығатын нәрселері көп. ♦They felt cut off from the outside world. – Олар сыртқы дүниеден (басқа адамдардан, оқиғалардан, тсс) оқшау/ шет қалғандай сезінді. ♦It soon became clear that they would have to seek outside help. – Біраздан соң олардың сырттан көмек сұрауына тура келетіні/ олар сырттан көмек сұрауға мәжбүр болатыны белгілі болды. ♦an outside observer/consultant/expert – дербес/ тәуелсіз бақылаушы/ консультант/ эксперт ♦I try to ignore all outside influences and just write for myself. – Сыртқы ықпалдың ешқайсысын елемей, өзім үшін жазуға тырысамын. 4.неғайбыл, бола қоймайтындай, жоқтың қасы ♦They have only an outside chance of winning. – Олардың жеңу мүмкіндігі - жоқтың қасы. ♦150 is an outside estimate. – Әрі кетсе/ Ең көп дегенде - 150.