out-there [ˈaʊt ðeə(r)] adj (NAmE, informal) (адамдар ж) өзгеше, ерекше, дара, бірегей, даралығымен тартымды; (идеялар ж) ерекше, бөлек, айрықша, қызық ♦Wow, this is such an out-there character. This role is definitely going to be cool. – Оу, бұл бірегей кейіпкер/ образ ғой. Шынымен де бұл бір тәуір роль болайын деп тұр. ♦It may be totally out-there but I think it could work. – Бұл бір мүлде өзгеше шығар, дегенмен де бұдан бірдеңе шығып қалуы мүмкін. ♦The kid is completely out-there. – Бұл сәбидің жаратылысы мүлде бөлек. ♦He’s wild and totally out-there. – Ол бір жігері тасыған өзгеше жан. ♦ideas that seemed really out-there at that time – сол уақытта/ кезде шынымен де оғаш көрінген ойлар/ идеялар