outward [ˈaʊtwəd] A.adj 1.сырттай (көзге түсетін я болып көрінетін) (opp: inward) ♦Mark showed no outward signs of distress. – Сырттай Марктің бір күйзелгені байқалмады. ♦She simply observes the outward forms of religion. – Ол әншейін дін ұстанатындай болып көрінеді. ♦To all outward appearances they were perfectly happy. – Сырт көзге олар тату-тәтті болып көрінетін. ♦There were no outward signs that the house was inhabited. – Сырттай үйде ешкім тұрмайтындай көрінген. 2.басқа жаққа жол тартқан/ аттанған, жолға шыққан ♦the outward voyage/journey – жолға шығу/ аттану 3.сыртқа/ тысқа қарай, шетке қарай, басқа жаққа қарай (opp: inward) ♦outward movement – сыртқа қарай қозғалыс ♦outward investment – шетелдерге инвестиция ♦Managers need to become more outward-looking. – Менеджерлердің/ Басқарушылардың жаңашыл болулары керек. B.adv (NAmE, BrE) (BrE also outwards) сыртқа, тысқа, шетке, басқа жаққа ♦The door opens outward. – Есік тысқа ашылады. ♦Factories were spreading outward from the old heart of the town. – Завод-фабрикалар кенттің ескі орталығынан шетке қарай созылып жатты. ♦Lie on your stomach with your elbows pointing outward. – Етпетіңнен, шынтақтарыңды тысқа қарай (жі)беріп жат(қын). ♦The country is looking outward and is opening its economy to trade and investment. – Ел өз экономикасын сауда мен инвестицияға ашып, сырт дүниемен әрекетестікке ұмтылуда.