over [ˈəʊvə(r)] A.prep 1.үсті(нен, -нде), жоғар(ғ)ы жағынан/ жағында ♦She put a blanket over the sleeping child. – Ұйықтап жатқан баланың үстіне ол көрпе жапты. ♦He wore an overcoat over his suit. – Костюмінің үстінен үст киім киді. ♦She put her hand over her mouth to stop herself from screaming. – Шыңғырмас үшін қолымен (өз) аузын жапты/ басты. ♦They held a large umbrella over her. – Олар оның үстінен үлкен қолшатыр ұстады. ♦The balcony juts out over the street. – Балкон дәл көшенің үстінде. ♦There was a lamp hanging over the table. – Столдың үстінде шам/ лампа ілініп тұрды. 2.үсті(нен, -нде), арқылы ♦a bridge over the river – өзен үстіндегі/ арқылы өтетін көпір ♦They ran over the grass. – Олар көкшөппен/ көкшөпте/ көк(шөп) үстімен жүгірді. ♦They had a wonderful view over the park. – Олар жақтан парк тамаша көрінді/ -етін. 3.үстінен, арқылы ♦She climbed over the wall. – Олар қабырға/ дуал үстінен/ арқылы өрмелеп өтті. 4.үстінен, жоғары жақтан ♦The car had toppled over the cliff. – Машина құз үстінен құлады. ♦He didn't dare look over the edge. – Ол жардың шетінен қарай алмады/ қарауға жүрексінді. 5.арғы/ әр жағында, шетінде ♦He lives over the road. – Ол көшенің арғы шетінде тұрады. 6. all ∼ барлық жерде/ тұста, жан-жақта, әр жақта/ тұста ♦Snow is falling all over the country. – Бүткіл елде қар жаууда/ жауып жатыр. ♦They've travelled all over the world. – Олар дүние жүзін кезіп шықты/ кезген. ♦There were papers lying around all over the place. – Қағаздар барлық жерде/ әр тұста шашылып жатты. 7. (бірнәрседен) көп, аса, артық ♦over 3 million copies sold – 3 млн данадан көп/ аса сатылған ♦She stayed in Lagos for over a month. – Лагоста ол бір айдан артық/ аса тұрды. ♦He's over sixty. – Ол алпыстан асқан. 8.үстінен қараған, басқарған, бақылаған ♦She has only the director over her. – Ол тек директорға қарайды/ бағынады. ♦He ruled over a great empire. – Ол ірі империяға әмірлік етті. ♦She has editorial control over what is included. – Ол қамтылған нәрселерге редакциялық бақылау жасайды. 9. (пәлен) кезде, кезінде, уақытта, үстінде ♦We'll discuss it over lunch. – Бұны ас үстінде/ кезінде талқылаймыз. ♦Over the next few days they got to know the town well. – Келгеннен кейінгі бірнеше күш ішінде олар кентті жақсы біліп алды. ♦She has not changed much over the years. – Жылдар оны онша/ пәлендей өзгерте қоймапты. ♦He built up the business over a period of ten years. – Ол бизнесін/ кәсібін он жылдан аса (жүріп) тұрғызды. ♦We're away over the New Year. – Жаңа жыл өткенше болмаймыз. 10.бірнәрсеге бола, бірнәрсе үшін ♦an argument over money – ақшаға бола ұрысу/ дауласу/ айтысу/ керісу/ егесу/ араздасу/ дүрдараз болу ♦a disagreement over the best way to proceed – ең дұрысы қалай бастаған деген мәселедегі келіспеушілік 11. (бірнәрсе) арқылы, бірнәрседен ♦We heard it over the radio. – Бұны радиодан естідік. ♦She wouldn't tell me over the phone. – Ол маған телефонмен айтпайды. 12.бірнәрсеге бола, бірнәрсе себепті ♦I couldn't hear what he said over the noise of the traffic. – Көлік қозғалысының шуынан оның не айтқанын ести алмадым. 13.өту үшін, өткен ♦We're over the worst of the recession. – Тоқыраудың/ Рецессияның ең ауырынан өттік. ♦It took her ages to get over her illness. – Ауруынан айығу үшін жылдар кетті. 14. (idm) *over and above (бірнәрсеге) қосымша, қоса, одан басқа, сондай-ақ ♦There are other factors over and above those we have discussed. – Біз талқылағандардан басқа да факторлар бар. B.adv 1.арқылы, кесе, арғы жаққа ♦I stopped and crossed over. – Тоқтадым да арғы жаққа өттім. ♦He rowed us over to the other side of the lake. – Ол бізді көлдің арғы жағына ескекті қайықпен алып өтті. ♦They have gone over to France. – Олар Францияға кетті. ♦This is my aunt who's over from Canada. – Бұл – Канададан келген апайым. ♦I went over and asked her name. – Жанына барып, атын/ есімін сұрадым. ♦Put it down over there. – Оны ана жерге қой(ғын). 2.төмен, басқа жаққа ♦Try not to knock that vase over. – Вазаны ұшырып/ құлатып түсірме. ♦The wind must have blown it over. – Жел оны ұшырып әкеткен болар. 3.бір жақтан екінші жаққа ♦She turned over onto her front. – Ол алдына қарай бұрылды. ♦The car skidded off the road and rolled over and over. – Машина жолдан тайып кетіп аунай/ домалай берді. 4.толығымен, бүтіндей ♦The lake was frozen over. – Көл мүлде қатып қалыпты. ♦Cover her over with a blanket. – Оның үстін көрпемен/ үстіне көрпе жап. 5. (бірнәрседен) жоғары, үлкен, асқан, көп ♦children of 14 and over – он төрт жастағы мен одан жоғарылар ♦You get an A grade for scores of 75 and over. – 75 не одан көп ұпай алсаң А деңгейін/ бағасын аласың. 6.пайдаланбаған, пайдаланылмаған, артылған ♦If there's any food left over, put it in the fridge. – Артылған тамақ болса, тоңазтқышқа қой. 7.біткен, аяқталған ♦By the time we arrived the meeting was over. – Келген уақтымызда мәжіліс бітіп қойған екен. ♦Thank goodness that's over! – Құдайға шүкір, бітті! ♦I was glad when it was over and done with. – Бұл біржолата біткенде қуандым. 8.қайта, қайта-қайта, тағы да ♦He repeated it several times over until he could remember it. – Жаттағанша бірнеше рет қайталады. ♦(NAmE) It's all wrong - you'll have to do it over. – Бұл мүлде дұрыс емес – қайтадан істеуің керек. 9.орнын, тсс өзгерткенді білд ♦He's gone over to the enemy . – Ол барып жауға қосылған. ♦Please change the wheels over. – Дөңгелектерді ауыстырып сал (м.: машинаның алдыңғы және артқы дөңгелектерінің орнын ауыстыр). ♦Let's ask some friends over. Кейбір достарымызды шақыралық. ♦Hand over the money! – Бер ақшаны! 10. (рациямен, радиомен сөйлескенде қолд) «бітті», «болды» (орысша: «прием», «конец связи») ♦Message received. Over. – Хабар алынды. Бітті (яғни, енді сіз сөйлеңіз). ♦Message understood. Over and out. – Хабар түсінікті. Бітті, сөз соңы. 11. (idm) *(all) over again басынан бастап, тағы бір рет, қайтадан ♦He did the work so badly that I had to do it all over again myself. – Оның нашар істегені соншама, қайтадан істеп шығуыма тура келді. *over against something салыстырғанда, қарсы қойғанда ♦The church is being forced to define itself over against non-religious culture. – Шіркеу діни емес мәдениеттің қасында өз орнын айқындауға мәжбүр болуда. *over and over (again) талай/ көп рет, қайта-қайта, бірнеше мәрте/ рет ♦I've told you over and over again not to do that. – Өйтпе деп қақсадым ғой саған. *over to you кезек сенікі/ сіздікі
over- prefix [əʊvə(r)] 1.әдеттегіден артық/ көп, қалыптан тыс, тым, аса, өте ♦overproduction – артық өндіру ♦overload – жүк артып кету ♦over-optimistic – тым сенімді ♦overconfident – тым сенімді ♦overanxious – өте қобалжыған 2.мүлде, тым ♦overjoyed – мәз-майрам болған 3.үст(кі); сырт(қы); қосымша, артық ♦overcoat – үст киім ♦overtime – қосымша уақыт 4.үстіде, жоғарыда ♦overcast – түнерген (күн, яғни, бұлт басқан) ♦overhang – (жоғарыдан) төну/ шығып тұру