overcome [ˌəʊvəˈkʌm] v (pt, pp overcame [ˌəʊvəˈkeɪm], overcome [ˌəʊvəˈkʌm]) 1. ∼ smth еңсеру, қиындықты жеңу, қиындықтан өте алу, мәселені игере алу ♦She overcame injury to win the Olympic gold medal. – Ол жарақатынан жазылып/ жарақатын еңсеріп, олимпияның алтын медалін алды. ♦The two parties managed to overcome their differences on the issue. – Екі партия осы мәселедегі айырмашылықтарын еңсере алды. ♦He finally managed to overcome his fear of flying. – Ақыры ол ұшудан қорқынышын жеңе алды. ♦He overcame a strong temptation to run away. – Ол өз бойын билеген қашып кетпек ниетін ауыздықтай алды. 2. ∼ smb/smth біреуді жеңу/ ұту ♦In the final game Sweden easily overcame France. – Соңғы ойында Швеция Францияны оңай ұтты. 3. ∼ smb қатты әсер ету, (бірн-ң әсерінен) өзін игере алмау (syn: overwhelm) ♦Her parents were overcome with grief at the funeral. – Жерлеу кезінде оның ата-анасын қайғы мен шер басты. ♦Overcome by curiosity, the boy looked through the window. – Білгісі келгені соншама, бала шыдай алмай терезеден сығалай қарады. ♦The dead woman had been overcome by smoke. – Әйел ыстан қайтыс болған. ♦Overcome with/by emotion, she found herself unable to speak for a few minutes. – Көңілі босап, ол бірнеше сәтке қыстығып сөйлей алмай қалды.