overdo [ˌəʊvəˈduː] v (pt, overdid [ˌəʊvəˈdɪd], pp overdone [ˌəʊvəˈdʌn]) 1. ∼ smth тым көп/ артығымен істеу; далита/ дардита көрсету, артық қыламын деп тыртық қылу ♦She really overdid the sympathy. – Ол тым елжіреді/ елбіреді. 2. ∼ smth тым көп қолдану ♦Don't overdo the salt in the food. – Тамаққа тұз(ды) тым көп салма. ♦Use illustrations where appropriate but don't overdo it. – Иллюстрацияларды жөнімен қолдан, тым артық болып кетпесін. 3. ∼ smth (тамақты) тым ұзақ пісіру ♦The fish was overdone and very dry. – Балықты өте ұзақ пісіріп, тым құрғақ етіпті/ құрғатып тастапты. 4. (idm) *overdo it/things тым көп/ артығымен істеу, тсс ♦He's been overdoing things recently. – Кейінгі кездері ол жұмыстан бас алмай жүр. ♦I overdid it in the gym and hurt my back. – Шынығу залында тыраштанамын деп арқамды ауыртып алдым.