overdog [ˈəʊvədɒɡ] n (disapproving) дөкей, мықты, нән, жойыт, әлді, пәле (opp: underdog) ♦political leaders who support the interests of the overdog – дөкейлердің/ жойыттардың/ әлділердің пайдасын/ мүддесін күйттеген саяси серкелер ♦The judge had a reputation as a champion of the overdog. – Бұл судьяның қашан да жойыттардың/ әлділердің сөзін сөйлейді деген атағы бар. ♦This newspaper aims to defend the underdog and bite the ankle of the overdog. – Газет әлсіздердің сөзін сөйлеп, әлділерді тірсектен тістемек.